«7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША КЕЗЕККЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ АРНАЙЫ КОММИСИЯ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ

 

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Білісбеков Ерғали Дәулетбекұлының қатысуымен «7-20-25» бағдарламасы бойынша конкурстың өткізілу барысы туралы өткен баспасөз брифингінде айтылды.

– Портал ашық әрі толық автоматтандырылған. Күні кеше өтінім тапсырған азаматтардың тізімі де жарияланды. Ендігі кезеңде арнайы комиссия барлық өтінімдерді зерделеп, құжаттарды тексеретін болады. Комиссияға өзім төрағалық етемін. Құрамына БАҚ өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері мен қоғамдық ұйым белсенділері енгізіледі,- деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

Айта кетейік, аталған бағдарламаның өткізілу уақыты 2022 жылдың 11-15 сәуір аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша «Shymkent-baspana.kz» сайтында таңғы сағат 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін өтінімдер автоматты түрде қабылданды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

  • Related Posts

    Шымкент қаласында «Байтақ» жасылдарпартиясының кезекті V конференциясы өтті

    24 қаңтар күні Шымкент қаласындаҚазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясыныңШымкент қаласы филиалының кезекті Vконференциясы өтті. Іс-шараға партияның төрағасыАзаматхан Амиртаев, партия мүшелері, филиал делегаттары, мемлекеттік органдардың өкілдеріжәне экология сарапшылар қатысып, конференция күн тәртібіндегі…

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика