2023-12-04

ШЫМКЕНТ: «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ» 20-ДАН АСТАМ ТҰРҒЫНҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Президент Жолдауында айтылған пікір­ді міне, осы екі ауыз сөзге сый­ды­руға болады. Бізді қуантатыны, ай­тыл­­ған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мем­лекеттік институттардың рөлін ны­ғайту, азаматтардың құқықтары мен бо­стандықтарын қорғау, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелерін кеңі­нен сөз етті. Жолдауда қазіргі әлеу­меттік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасап қана қоймай, оның шешу жолдарын да көрсетіп берді. Президент өз Жолдауында сот пен құқық қорғау жүйесін жетілдіруге, бизнесті дамытуға, қаржы ресурстарын дұрыс бөлуге, халыққа әлеуметтік қол­дау көрсетуге, ел аймақтары ара­сын­да­ғы теңсіздікті жоюға және халықты толған­дырып жүрген басқа да мәселелерге ерекше көңіл бөлді. Нақты мысалдар келтіріп, проблемаларды шешудің тиімді жолдарын да ұсынып отыр. Медиация апталығы аясында қаладағы «Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті.   Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрайымы, кәсіби медиатор Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» ЗТБ жаттықтырушы-медиаторы Н.Оразкұлова, медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор С.Абдукаримова қоғамдық қабылдау өткізді. Республикалық акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасылық мәселелер, азаматтар арасында туындайтын даулар бойынша тегін  консультациялық кеңестер беруді мақсат еткен. Апталық аясындағы «Ашық есік күнінде» 20-дан астам қала тұрғыны отбасылық және әлеуметтік мәселелер бойынша құқықтық кеңес алды. Айта кетсек, Шымкент қаласында медиация апталығы барысында халық арасында 70-ге жуық сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі жарияланды.  Қазіргі таңда 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор халық арасында түсіндіру, этномедиация ұғымын ілгерілету бағытында бірлесе жұмыс атқаруда.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Яндекс.Метрика