ЖАСТАРДЫ САЛАМАТТЫЛЫҚҚА БАУЛЫҒАН “SHYMKENT FEST” МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Абай саябағында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет өткен «Shymkent  fest» жобасының жабылу салтанаты өтті.  Екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас жастар арасында,  «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME»  балалық шағымның  ойындары фестивалі, «Modern» заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өтті. «Shymkent  fest» жобасы — жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба.  Аталмыш жобаның жабылу салтанатына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальға атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын «12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен» құттықтады.  Сонымен қатар, фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты. Жастар – қашанда белсенді буын өкілдері. Елімізде жастардың білімді, қабілетті болуына әрдайым үлкен мән беріліп келеді. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дегендей болашағын ойлаған мемлекет бүгінгі жастарының жағдайын тасада қалдырмаса керек. Жастар ресурстық орталығының бастамасымен жыл басынан бері әртүрлі санаттағы жастарға бағытталған 76 шара ұйымдастырылды. Оған 4 мыңға жуық жас атсалысып, белсенділік танытқан. Еріктілер жылында өткен шараның басым бөлігі қайырымдылық пен тазалыққа бағытталса, денсаулықты сақтауға арналған, рухани-танымдық, мәдени шаралар да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ орталықта бүгінге дейін 238 жасқа жұмыссыздық мәселесі, кәсіпкерлігін дамытуға, дипломмен ауылға бағдарламасы, еріктілік жұмыс туралы кеңес беріліп, жол көрсетілген. Осылайша жастар ресурстық орталығында ақпараттық жұмысты, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, бос уақытты сапалы ұйымдастыруды көздейтін әлеуметтік маңызды жобалар әзірленіп, іске асуда.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика