2022-09-29

Қазақтың болашағы — қазақ тілінде!!!

Мен, Гүлшахар Өтебайқызы, Тілдерді оқыту орталығында қызмет атқарамын. Жұмыс барысында әртүрлі мекемелерге ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша деңгейлеп мемлекеттік тілді оқытамыз десек, қазақ атаулы үрке қарайды, неге? «Мен қазақпын, маған не керегі бар?», деп жатады. Ұлты басқа азаматтарымыз: «Ойбай, қазақтарды оқытып жатырсыздар ма?деп, таңданыстарын жасыра алмайды. «Басқа жұмыстарың жоқ па?» — деп, кекесінмен қарап жататындар да жетерлік. Сол қазақпын деп, кеудесін қағатын қандастарымызданқарапайым сұрақтарға да тұшымды жауап ала алмаймыз. Міне, осыдан кейін қазақтарды, қазақша сөйлемейтіндерді тіліміздің жойылуына кінәлі санаймыз. Түптеп келгенде ана тіліміздің жойлып кетуіне өзіміз де айыптымыз. Неге десеңіздер,қазақша сөйлесек те көп сөздің мағынасын түсіне бермейміз. Әдеби сөздерден мақұрымбыз. Өзіміз түсінбеген сөздердің мағынасын бұрмалап аламыз,не өз түсінігімізбен жобалап, «Осындай шығар, осындай болар» деген оймен тұспалдап, айта саламыз.  Бұған себеп, (соңғы уақытта) кітап оқымайтындығымыз. Мысалы: «Мәймүңкелеу» дегендіжағымпаздану дейді. Негізінен тарихқа көз жүгіртсек, мағынасы жағымпаздану емес, жолын,ебін табу. (Кейбір сөздерді тікесінен айтпай,бұрмалап жеткізу керек.) Тағы бір себеп сөздердің әсерлі әрі әдемі болуын қадағаламаймыз.  Қалайболса солай аударамыз. Нәтижесінде сол сөздерді қысқартып айтуға да ыңғайсыз. «ЦОН» деп айтқанды жөн көретеніміз де осыдан шығар. «ХҚКО» дегеннен гөрі «ЦОН» деген ыңғайлы. Қазіргі таңда жастар арасында кеңінен тараған сөздер өз оқу орнының атын қысқартып айту.Мысалға алатын болсақ, күнделікті естіп жүрген: ЕНУ, КАЗНУИ, КАЗНУ, АГУ тағы басқалар. Бұл сөздердің қысқарған қазақша баламасын айтуға жастар тіпті намыстанады, бәлкім қолайсыз болуы әбден мүмкін деп ойлаймын. Қысқартып айтудың өзі сөздердің өлуіне, тілдің өшуіне себепкер болады. Мұндай сапасыз, мағынасыз сөздер ары кетсе 30 жылда өледі. Қазақтың көркем тілін жояды. Осылай өзіміздің бай тіліміздің кедейленуіне түрткі болып отырған да өзіміз

      «Таз ашуын тырнадан алады»,дейді қазақта.Осы нақылдың мағынасын білесіз бе?  Оның шынайы мағынасын көп адам білмейтіні хақ!Себебі, білімнің таяздығы, сауаттың төмендігі.Түпкі мағынасы: «Таз адамашуын тырнауданалады» (шашы болмаса да басын қасуы). Байқасаңыз орыстар ең алдымен сөздердің әдемі естілуін, ыңғайлы болуын ойлайды. Мысалы,Мосфильм, ЦОН... Осыданақ, олардың өз тіліне жаны ашитыны байқалып тұр. Сөздердің мағынасын түсінбей, басқаша бұрмаламай, әдеби кітаптар оқу маңызды. Әрдайым ізденісті тоқтатпауқажет. Нақты мағынасын біліп жүру де басты шарт.Рухани тұрғыда жаңғыру үшін ең алдыменмемлекеттік тілге жанашырлықпен қарауымыз тиіс! «Тілі өлген елтірі өлген ел» дегендей, тіліміздің мәңгілік болуына бірге атсалысайық!

     Қазақтың болашағы — қазақ тілінде.Мемлекетіміздің тілін, діні мен дәстүрін қастерлеуіміз керек. Ұранға алаш деген атты алған, сан ғасырлық мұрасы бар қазақ ұлтымыз. Тарихы терең, қойнауы кенен елімізді, елдігімізді жоғалтып алмау үшін, тіліміздің тазалығын сақтайық!

              Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Гүлшахар Өтебайқызы

Яндекс.Метрика