2024-09-22

Пешіңіздің жағдайы қалай?

 

Жылыту маусымы басталар алдында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу қажет. Бұл туралы төтенше жағдайға жауапты азаматтар үнемі айтып келеді. Тағы да ескертеміз.

Мынаны ескеру керек! 

Түтін мұржалары және жылыту пештері мен жүйелерінің басқа да элементтері тікелей басталар алдында, сондай-ақ жылыту маусымы ішінде кемінде үш айда бір рет күйеден тазартылуы тиіс.
Түтін каналының конструкциясы оларды күйеден кезең-кезеңімен тазарту үшін технологиялық тетіктер қарастыруы тиіс.
Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу генерациялайтын аппараттардың от жағатын есігінің астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пештің бойында оның ұзын жағы орналасқан, тетіксіз, көлемі 0,5х0,7 м кем емес пеш алдындағы металл табақпен қорғалуы тиіс.

 

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде мынаған жол берілмейді:

– жанып жатқан пешті қараусыз қалдыру;
– жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пеш алдында жағуға дайындау;
– қатты отынмен пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдану;
– пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдану;
– адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу кезінде үй-жайларда пешті жағу;
– пешті пайдалану нұсқаулығымен белгіленген уақыттан тыс жағу;
– жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пештің және түтін жолдарының бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге,
пештерді қыздыруға болмайды. От жағуды ұйқыға жатар алдында екі сағат бұрын тоқтату ұсынылады.

Пешіңіздің жағдайы қалай? Біліп тұрыңыз. Өміріңізге қауіп төндіріп жүрмесін.

А. Бабахан,

Қаратау ТЖБ инженері 

азаматтық қорғау капитаны

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика