2024-07-14

БАҚЫТТЫ БАЛДӘУРЕН: 198 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛДЫ

Балалардың жазғы демалысының екін­ші айы өтті. Ата-ана үшін «Ба­ламның жазғы демалысын қалай мән­ді, мағыналы өткіземін?» деген мәселе әлі өзекті. Өйткені жазғы демалыс – бала­лардың есінде ерекше сақталатын, олардың бойында жаңа дағдылар қалыптастыратын кезең. Психологтердің айтуынша, дема­лысты қызықты, тиімді әрі үнемді пай­да­лану үшін оны алдын ала жоспарлаған дұрыс және жоспар жасағанда баланың ішкі қалауы мен еркіндігіне мүмкіндік беру керек. Осы орайда «Қызмет» сайты «Жазғы демалыс қалай өту керек?» деген сұраққа жауап іздеген бо­ла­тын.  Қазір қаланың өмірі ешкімге таңсық емес. Сондықтан балалар жазғы демалысын мүм­кін болса, ауылдағы ата-әжесінің қасын­да, туыстарының ортасында өткізгені жақсы. Ауылдың шынайы өмірі, тұмса табиғаты, адам­дардың емен-жарқын әңгімелесуі, жана­шыр қарым-қатынасы бала дүниетаны­мы­ның қалыптасуына оң әсер етеді. Ауылда де­малуға мүмкіндік болмаса, баланы ата-ана өзімен бірге этноауылдарға апарса болады.    Шымкенттік оқушылардың жазғы демалысы қызықты өтуде. Каникул мерзімін тиімді өткізу үшін 237 жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды.  Сонымен қатар, маусым айында мектептер жанында ұйымдастырылған «Жасыл қала»,  “Шығармашылық”, “Спорттық-туристік”, “Интеллектуалдық” бағыттары бойынша іске қосылған лагерлерге 175 000 нан астам оқушы барды. Оның ішінде, білім қоры есебінен қала сыртындағы 15 лагерде  7 241 баланың 85 %-ы демалды.  Қалған балалардың демалысын ұйымдастыру тамыз айының 15-не  дейін жалғасады. Ата-аналар мен қоғам белсенділері тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылып, лагерлердің жай-күйі зерделенді. Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақсу» лагерінде ауқымды форматта спорттық сайыстар ұйымдастырылды.  100-ден астам бала спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрлерінен сайысқа түсті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Қызмет ақпарат

1688 символ

Яндекс.Метрика