ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАҢА ГҮЛЗАР АШЫЛДЫ

? Жібек жолы — Сайрам көшелері қиылысында тағы бір жаңа гүлзар ашылып, пайдалануға берілді. 10 000 шаршы метр аумақта тұрғындардың демалысы үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа гүлзардың ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесті.
? Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылды. Демеушілер мен мердігер компания өкілдеріне атқарылған жұмыстар үшін алғысымды білдіремін. Мақсатымыз – қаланы халыққа өмір сүруге барынша қолайлы ету. Біз саябақтар мен алаңдарды абаттандыру мен көгалдандыруды бірегей стильде жасауға тырысамыз. Халық көп шоғырланатын орындарды көгалдандыруды жалғастырамыз, – деді қала әкімі.
? Осыған дейін сауда нысандары заңсыз орнатылған аумақ халықтың серуен алаңына айналды. Мұнда шағын архитектуралық пішіндер, табиғи тастан жасалған орындықтар, жарықтандыру шамдары орнатылып, көгал төселіп, 200-ден астам ағаш отырғызылды. Жалпы, жасыл аумақ шамамен 7500 шаршы метрді құрайды. Балаларға арналған екі ойын алаңы бар.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика