2024-07-22

ШЫМКЕНТ: «БІЗ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУМЕН ДОСПЫЗ»

Балалардың жазғы демалысын қызықты да пайдалы өткізу мақсатында  Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Оқушылар сарайына қарасты «Ақсу» лагерінде спорттық сайыстар ұйымдастырылды.  100-ден астам бала қатысқан іс-шарада балалар спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрілерінен сайысқа түсіп, өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар Шымкент қаласының №1 спорт мектебінің каратэ бөлімінің спортшылары балаларға спорттық шеберліктерін паш етті.  Жеңімпаздарға  арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Айта кетейік, «Ақсу» сауықтыру лагері Арыс пен Ақсу өзендерінің тоғысқан, салқын самал ескен, табиғаты тамаша, бау-бақшаның арасында орналасқан. Лагерь балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңдегі демалысын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға қолайлы орын. Мұнда балалардың демалуына жан-жақты жағдай жасалған. «Жаз – 2023» маусымында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан 1200 баланы қамтуды жоспарланып, әр маусымда 200 бала демалуда. Лагерьде бес мезгіл тамақтану, бассейн, іс-шаралар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылған. Арнайы бекітілген жазғы кезең жоспарына сәйкес күнделікті түрлі ойын-сауық іс-шаралары өткізіліп, күнделікті таңертеңгілік жаттығулар, жеке және топтық зияткерлік ойындар мен би кештері өткізіледі. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.

Қызмет ақпарат

1591 символ

Яндекс.Метрика