2022-08-09

Балалар әлемі «Ақылдыммен» ақылдымын»

28 маусым -Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Әл-Фараби кітапханасының мәжіліс залында «Ақылдыммен ақылдымын» атты кездесу өтті.
Басқосуға Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы, С.Ерубаев атындағы №24 жалпы орта мектебі, А.Сейдімбек атындағы №80 жалпы орта мектебі мен М.Өтемісұлы атындағы №52 жалпы орта мектебінің оқушылары қатысты.
Балаларға жазғы демалысты тиімді пайдалана отырыпе кітап оқуға баулу мақсатында өткен жиында оқушылар кітап оқу жайлы өз ойларын ортаға салды. Өздері оқыған кітаптардың мазмұнын, кейіпкерлердің бейнелерін суреттеп, кітаптан түйгендерімен бөлісті.
М.Өтемісұлы атындағы №52 жалпы орта мектебінің 3 и сынып оқушысы Қайсар Мекенбай өткен оқу жылында 5 кітап, ал, оның сыныптасы Ернар Иристай 3 кітап оқыпты. Балалар отандық және шетелдік балалар жазушыларының да шығармаларын оқыған. Бұлар – республикалық «Ақылдым» журналының да кішкентай оқырманы. Редакцияға хат жолдап, жүрекжарды тілектерін білдіріп тұрады екен.
Кездесуде журналист, қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Бейсенкүл Нарымбетова балаларға өз өмірінен сыр шертіп, оқушылардың қабілетін шыңдап, зейінін ашып, кітап оқуды насихаттап жүрген ұстаздар қауымына алғысын білдірді.
«Қызмет»-ақпарат

Яндекс.Метрика