ТҮРКІСТАН: ЖЫЛЫЖАЙ АШҚАН КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ГҮЛНӘР ҮЙ САЛЫП, НЕСИЕСІНЕН ҚҰТЫЛҒАН

Түркістан облысы, Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Гүлнар Дүйсебаева өз үйінің ауласында биогумус өндіріп жатыр. Төрт баланың анасы бұл кәсіпті 2020 жылдың желтоқсан айында бастапты. Еңбегінің зейнетін айналдырған 1 жыл 2 ай ішінде көріп, үй салып, несиелерінің барлығынан құтылып, баласына көлік мінгізген.
Жалғызбасты ана өзінің тұрғын үйінің ауласындағы жердің 2 сотығына жылыжайын іске қосып, 4 сотық жерде кәсібін дөңгелетіп, вермитехнология саласын дамытып отыр. Қазіргі таңда 2 сотық жылыжай қабырғаларына пластик бөтелке (баклашка) бұйымдарын байлап, көкөніс өсіріп жатыр. Сонымен бірге қапқа 50% топырақ және 50% биогумус салып, картоп өсіріп, қалған бос жерден биогумус табиғи тыңайтқыштарын өндіруде.
Биогумус – табиғи тыңайтқыш. Оны қолданған кезде өнімділік 25-50% -ға артады. Вермикомпост арқылы жаңбырдың қалдықтары немесе калифорния құрттары орналастырылып, олардың көбеюі үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Осы арқылы кәсіпкер ана 2 сотық жерден 6 сотық жердің өнімін алып отыр.

Қызмет газеті

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика