2024-07-14

Қуаныш Жұмабекұлы, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары :«Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар өздеріне жүктелген міндеттер аясында ішкі бірлікті бекемдеуге ат салысуда»

Шымқаладағы «Достық» үйінде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Қуаныш Асыловтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы барысында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы IV сессиясының күн тәртібінде қаралатын мәселелермен қатар, ҚХА және Ассамблея Кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарына кандидатураларды ілгерлету жөнінде де сөз болды.
Кеңес отырысын ашқан қала әкімінің бірінші орынбасары мемлекеттік саясат аясындағы міндеттерді айтып, Мемлекет басшысының ҚХА ХХХІІ сессиясында берген тапсырмаларына кеңінен тоқталды.
– Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар өздеріне жүктелген міндеттер аясында ішкі бірлікті бекемдеуге ат салысуда. Жыл басынан бері қалалық ассамблеяның ұйытқы болуымен жүзге жуық іс-шара өтті. Соның ішінде этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда 70-тен астам ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұғырлы татулықты ту еткен сан алуан ұлт өкілдері қаламыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне етене араласып, Шымкенттің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүр, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Жиында қалалық ҚХА төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасары болған қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак пен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төрағасы Икрам Хажимжановқакөп жылдар бойы халық иглігі , достығы үшін істеген жұмыстарына алғыс айтылды. Құрылымның жаңа орынбасары қалалық армян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наира Мовсисян мен ассамблеяның жаңа мүшесі Мадияр Юнусов жауапты қызметтеріне осы жиыннан кейін ресми түрде кіріседі.
Ақпарат үшін айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша «Татулық пен бірлік – табысты мемлекет болудың басты кепілі» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІV сессиясы ертең 25 мамыр күні, сағат 15.00-де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтеді деп жоспарланып отыр. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, зиялы қауым өкілдері, жергілікті мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысатын болады.
Қызмет ақпарат
2000 символ

Яндекс.Метрика