2024-09-23

Ата-анаға керек кеңестер… Балаңызбен әңгімелесесіз бе?

       

   Сабыр сақтап, сіздің тыңдай білуіңіз «Сен тыңдауға лайық адамсың»,-деп, оны құрметтегендігіңізді көрсетеді. Баланы тыңдай білуге де өте үлкен сабыр мен төзім керек. Баланы тыңдау оның бар айтқанын орындау емес. Тыңдау – дәл сол мезет айтушыны мазалаған мәселені бөлісу, соның көңілің табу, түсіне білу деген сөз.

   Баланың айтқандары тыңдалатын болса:

Баланың сөйлеу қабілеті ашылады, сөз байлығы кеңейеді, түсіндіре білуі оңайлайды.
Бала өз жайын бақырып жылап, бірдеңені қиратып емес, сөзбен айтып түсіндіретін болады.
Түсіністікке жеткен бала өзін жайлы сезініп, өзіне деген сенімі нығая түседі, қандай да бір мәселесін сөйлесу арқылы шешеді.
Бала мен ата-ана арасында жақындық пайда болып, бала әке-шешесінен ақыл сұрайтын болады.
Айтқаны тыңдалған бала әке-шешесін де тыңдайтын болады, әке-шешесімен ара-қатынасы жақсы болады.

Тыңдамаған кезде өзімізге тигізетін зиянымыз алдымыздағы адамға тиер зияннан да көбірек болмақ.

*Өкініші бар әкенің айтқаны

        Баламды қайта тәрбиелеу мүмкіншілігім болса…

Сұқ саусағымды кезеп ұрсудың орнына саусақтарымен сурет салуды үйретер едім.
Қателерін түзетуді айтып, оған деген жақындығымды арттырар едім.
Тек көзіммен қадағалап, сағатпен шектеуді доғарар едім.
Көп көңіл бөліп, мейірімімді молайтар едім.
Бірге серуенге шығып, батпырауық ұшырар едім.
Қаталдық танытудың орнына онымен бірге асыр салып ойнар едім.
Қырда бірге қыдырып, түнде жұлдыздарды тамашалар едім.
Аз ұрсып, көп құшақтар едім.
Қатал тәртіптің қыспағына алмай, қайта жылы шырай танытып, үнемі қолдау көрсетіп, ынталандырар едім.
Сүйіспеншілікті көп үйретер едім.

Бетті дайындаған  тәжірибелі психолог Ақнұрүміт Алшыоразова

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика