2024-09-23

Бүлдіршін бақылаусыз қалмасын

Жаз айының соңғы айы болса да, су жағасында демалушылар әлі де толартар емес. Демалыс болғандықтан, бәрі балалармен бірге барады. Осы тұста біз қауіпсіздік ережесін тағы бір түсіндріп өткіміз келеді.

— тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
        — жүзе білмесеңіздер  белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер;

— шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;

— жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;

— бөгеттен, қайықтан, көпірден суға секірмеңіздер;

— суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;

— түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;

— су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.

— суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.

Және бір ескерте  кетер жайт шомылу маусымы кезінде балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады, өйткені оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қиындық туғызады. Балалардың да ең алдымен ішкі үрейі жағалаудан алыстауынан туындап жатады. Сондықтан суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда сізге және сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады. Және естеріңізде болсын! Егер Сіз қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз, «112» құтқару қызметінің біріңғай ақысыз телефон нөміріне тез арада хабарласыңыздар!

Балаға көбірек көңіл бөліп, қауіпсіз жерде шомылуға кеңес береміз. Әйтпесе қызықтың соңы өкінішпен аяқталуы әбден мүмкін.

7 тамыз күні Бадам өзенінде 2011 жылы туған қыз бала абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзе білмеген. Оқиға орнына келген  құтқарушылар бірнеше сағат бойы судың астында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде денесін алып шықты. Бұл үлкен қайғы. Небәрі 11 жастағы жасөспірім абайсызда қаза тапты. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшіншомылу маусымында судан келер қауіпті азайту үшін ең алдымен қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:

А. ЖҮНІСБЕКОВ,

Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау подполковнигі.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика