2024-09-23

Патриоттық сабақ отансүйгіштік қасиетті қалыптастыра ала ма?

 

(Соңы, басы өткен сандарда)

                  Директорлар ат-тондарын ала қашады…

               

Биыл  Қарағанды облысындағы полигонда балалар жылына орай және Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған «Айбын» республикалық жиыны өтті. Қарулы күштер, басқа да әскер мен әскери құрылымдар әскери-патриоттық клубтарының жарыстарында Шымкент қаласының өрендері де өнер көрсетті. Бұл жарысқа балалардың қандай қасиетіне қарай таңдадыңыздар?

 

14 номинация бойынша жарыс өткіздік. Оның ішінде жүгіру, автоматты бұзып-жинау, қарудан қорғайтын киімді кию, қарудан ату, осының бәрі соның ішіне кіреді. Жаттығу алаңында балалармен бірдей жүрдім. Жасым 70-те болса да, 40  градус ыстықта жүгірдім, әскери тактикаларды үйреттім. Әрине, мұндай ауқымы кең жарыстарда оза шауып, алдыңғы қатардан көрініп жатқан жетістік. Бірақ оған қатысқанның өзі сабақ. Балалар бір-бірімен танысып-біліседі, дос арттырады,  тәжірибе алмасады.   Мен мұндай жарыстарда ғана емес, жәй күндері де балалардың танымын кеңейтіп, патриоттыққа тәрбиелеуге жұмыс істеймін. Балаларды қаладағы цитадеьлге апардым, —Сондағы әсерлерін айтсаңыз… Неше күн арыла алмай жүрді. Музейдегі қылыштарды ұстап көргілері келеді. Сосын өзімнің үйімдегі қылыштарды көрсеттім. Қылыштан коллекция жинаймын.

–Сонда біздің бала тәрбиесіндегі қателіктеріміздің бірі–біз оларға ештеңе көрсетпейтін сияқтымыз. Құндылықтарымызды дәріптеу тек теория жүзінде жүргізіліп жатқандай ма, қалай?

–Иә, оған мектепті кінәлауға болмас. Олар қағазбастылықтан арылмай, іс алға жылжымайтынтай көрінеді маған. Жуырда Шекара қызметінен «Жас шекарашы» сыныбын ашу туралы ұсыныс түсті. Директорларға айтып едім, атондарын ала қашты. Онсызда жүктемеміз көп дегенді алға тартады. Әйтпесе оларға бұл пайдасын тигізбесе, зияны жоқ Тіпті, балалардың әскери формасын да Шекара қызметі өздері береміз деп отыр. Қазығұрт ауданындағы 66 мектебіне ұсыныс тастап едім, сөзге келместен келісті. Оған дейін  ол мектепте әскери сыныбымыз бар. 5сыныптан ашқам, олар қазір 8 сыныпқа  өтті. Олар әскери тактиканы бір кісідей меңгеріп Пилоткасы мен куәлікі қауіпсіздік комитетінің полковник, генералдары табыстады.

«Генерал болу –әр солдаттың арманы» десек, оқушы күнінде генаралдың қолын алған балалардың кеудесін мақтаныш кернеп, алға талпыныстары артқан шығар?

–Негізі балалар қазақтың  қаһарман ұлдары, батырлары туралы көбірек білгілері келеді. Кездесулерде Бауыржан аталары туралы айтсаң ұйып тыңдайы. Әрине, «батыр болған, ел қорғаған» дейтін жаттанды сөзбен қызықтыра алмайсың, абатырлардың адами қасиеттерін мысалмен жеткізсең, соны кәдімгідей талқылап, ой-пікірлерін білдіріп жатады. Қара майордың өмірлік қағидаларымен жүріп-тұрғысы келетін балалар да бар. Себебі, Қара майор қазіргі заманның талаптарына сай болған кісі. Ал, Бауыржан атамыздың сперальды тактикасын бүкіл дүниежүзінің әскери оқу орындары қолданады. Ресей мен Украина арасындағы соғыста қолданып жатқан тактика осы Бауыржан атамыздың тактикасы. Мәселен, шабуылға 100 200 адам емес, 10-15 адамнан барады. Бұл тыңғылықты, әбден зерттеліп, ыңғайластырылған тактика.      

–Аға, байқап отырсақ, сіз әскери мектептің жұмысын бір өзіңіз атқарып жүрген сияқтысыз. Әр іс-шараның өзіне сай шығыны да болады емес пе? Қаржы мәселесі қалай шешіледі, мемлекеттік тапсырыс аласыз ба?

–Меніңше,  еліне жаны ашитын, жүрегі Отаным соғатын азаматтардың барлығы ел үшін, елді қорғауға дайын болу керек. Қаржы мәселесіне келсек, ешқандай демеуші де, ешқандай мемлекеттік тапсырыс та жоқ.  Іс-шаралардың бәріне өзімнің зейнетақымнң шетінен алып жаратамын. Зейнетақым –200 мың. Әр іс-шарадан соң кеткен шығынды есептеп жазып қоямын.  
Балалар арасында түрлі сайстар ұйымдастырамыз, оларды құр қол жібергім келмейді. Ынталандыру үшін грамота береміз. Оны рамкаға салып әдемілеп тапсырамыз. Мұның бәрі ақша.

Көксаяқ елдімекеніндегі Дулати атындағы мектепте  968 ардагердің атын жазылған тақтайша орнаттық. Негізіт фронтқа 1310 адам кеткен екен, олар туралы деректер енді-енді шығып жатыр. Өткенде Беларусиядан екі мүрдені алып келдік. Оның екеуі де әскери комиссариатта есепке тіркелеген. Соғыста қайтыс болған. Достары армияға кетіп бара жатса, солармен еріп кете берген ғой… Әскери комиссариат өздерінде есепте тұрмаған соң оларға әскери билет те бермеген.

         Қысқа балақ, қауға сақалжастардың обалы кімге?

 

 

Өзіңіз айтқандай, мұғалімдер  қағазбастылық деп жүріп, балаларға құндылықтарымызды көрсетуге үлгере бермейтін сияқты.

–Баланы –бастан деп бекер айтпаған. Бала шыққан тегінен бастап, ата-баба ерлігін, жүріп өткен жолдарымызды біліп өсуі керек. Сонда ол тура жолдан таймайды. Әлгі қысқа балақ, қауға сақалдылардың жетегінде еріп кетіп жатқан жастардың обалы кімге? Ол теріс ағым, дмек теріс қадам.   Менің бір көршім болған. Отбасында 14 қыз жалғыз ұл бала болды. Әкесі 60 қа толғанда дүркіретіп той жасады. Сонда жалғыз ұл ондай дүрмектің ортасында жүруге дінім рұқат етпейді деп келмей қойды. Ал, 14 қыз әкесіне көлік сыйлады. Баласы, тіпті құттықтап келмеді.  

Сол бала қазір бәрін түсінді. Өкінді, бармағын шайнады… «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйіріне қосылса» демекші, ортамызға қата оралды. Бірақ көп уақыт жоғалтты. Ата-анасын сары уайымға салды, бауырларын ренжіттті.

Біз  шыр етіп дүниеге келгенде қазақ боп туылдықпа, қазақтың салт-дәстүрін ұстануымыз керек.Қазір бәрі арабтың жолын ұстануға әуес. Оу, арабдегенің   сары тышқанды ұстап алып, терісін сыпырып тірідей жеп жатқан бейнежазбаны көріңдерші бәр сәт. Кесірткенің жон етіп жеп жүргендердің қай ісі қызығарлықтай?

                      Балалардың ғылымға қызығу қуантады

Серікбай аға, әр дәуірдің өзіндік ерекшелігі болады ғой. Қазіргі балалардың жақсы жері қайсы?
–Бала тәрбиесі қашанда ұшқан ұя, өскен ортаға байланысты. Қай заманда да атадан артық туған бала болады, қай заманда да сотқар бала болады. Жоғарыда айтқанымдай,   үйде жалғыз эгоист  бала болатын болса, ешкімге жағдай жасап, көмек көрсетпейді. Кейде қоғамдық көлікке мінсең 70-80жастағы кемпір-шалдарға жастар орын бермейді. Құлақта наушник, қарап отыра береді. Үлкенді сыйлау, кішіе ізет көрсету ойына кіріпшықпайды. Өйткені, оның тәрбеисі сол. Қазір үлкендер тоқтау салып, ақыл айтып жатса кейбірі құлаққа ілмейді. Ал, көпбалалы отбасыда өскен балалар  кішіпейілболып келеді

Бәрібір жақсы қасиеттері де бар шығар?
-Бар, әрине. Білімге, ғылымға ынтызар балаларды әрқашан мақтан тұтамыз.

                Патриотизмді бастауыш сыныптан оқыту керек
Соңғы кезде армиядағы өлім-жітімнің көбеюі көпті ойландырып тастады. Балалардың әскерге деген көзқарасы қайткенде өзгермек?

-Өзгеруі тиіс. Себебі, оның көзқарасын өзгертпей болмайды. Соғыстың бетін аулақ қылсын, бірақ ел басына күн туса ел үшін жанкештілік танытатын ержүрек ұлдар қалмай қала ма деп қауіптенеміз… Сол үшін балаларды бастауыш сыныптан бастап үйретуіміз керек. Өйткені олар оң-солдарын енді ғана танып келе жатыр. Осы кезеңде оларды әскери тактикаларға қызықтыруымыз керек. «Жас сарбаз», «Жас шекарашы», «Жас мототқыш»  клубтарын ашып, бәріне форма үлестірдік. Балаларға «егер 3деген баға алып қалсаңдар басқа сыныпқа ауыстырамыз» десек, күні-түні кітаптан бас алмай, озат болып жүр

-Осы клубтар барлық мектепте бар ма?
Өзім айтысып-тартысып жүріп аштырып жатырмын.
-Онда сіз патриотизм туралы пәнді бастап қойған екенсіз
Иә.
Олай болса, бұл пәнді оқытуды сізге тапсырса болады екен…
-Онсызда ақысыз өтіп жүрмін. Маған жалақы керек емес, тек менің идеяларымды қолдап, бірге жұмыс істесе жеткілікті.

Сіздің ұғымыңызда патриотизм деген не?
-Патриотизм өзіңнің үйіңді, өзіңнің еліңді қорғай білу ,оны сүйе білу. Осының бәрі патриоттық сезім.Елдің байлығын бөлп жеп жатқандар ертең қиын күн туса жеке ұшақтарына мінеді де, шетелге тайып тұрады. Кей батақ даламз бізге аманат. Сондықтан біз өзімізге қорған болатын кішкентай қаһармандарымызды тәрбиелеуде кешікпеуіміз керек.

Осы тұста, мектеп директорларыне айтарыңыз бар ма?
Ең алдымен уақыт тауып, балалары әр саланың ардагерлерімен көбірек кездестіру керек.   Кей облыстарда ардагерлерді бөтен адам ретінде мектептің маңайына жолатпайды екен. Баллардың қауіпсіздігі үшін. Жоқ, ардагерлерден қорықпау керек. Ендеше, алда жаңа оқу жылын жаңа бастамалармен, тың идеялармен бастайық дегім келеді.

–Әңгімеңізге рақмет!

Сұқбаттасқан Дамира МОЛАНАЗАРОВА.

 

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика