Шымкент қаласында туризм сұранысқа қарай бірнеше бағытқа бөлінген

Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы негізінен төрт бағытта жұмыс істейді. Оның біріншісі – туризмді дамыту. Екінші – маркетингті ілге­рілетуі. Үшінші бағыт – сыртқы байланыстар. Және ең соңғысы – креативті индустрия. Бұл қызмет аталған басқармаға жуырда ғана қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қосылды. Бүгінгі таңда Шымкент қалалық мәслихаты басқарма атауын өзгерту бойынша шешім шығарып қойды. Тіркеу жұмыстары аяқталған соң басқарма атауы өзгереді. Енді туризм, сыртқы байланыстар және креа­тивті индустрия басқармасы болып аталады. Шымкентте туризмді дамыту мақсатында қаладағы инфрақұрылымдарға мониторингтік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни сырттан турист келгенде қандай жерлерге барады? Осы мәселеге алдымен көңіл бөлінуде. Мегаполисте жүзге жуық туристік нысан бар. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі шоқтығы биігі ол – цитадель. Яғни ескі қала аумағындағы бұрынғы қалпына келтірілген қорған ғимараты. Тарихи құндылығына орай ол әлеуметтік желілерде басқа да жарнамалық құралдар арқылы насихатталып отырады. Содан соң қаланың мақтанышы саналатын дендрологиялық саябақ бар. Ол жерде тал-теректің, ағаштардың 500-ден аса түрі өседі. Саяхатшылар Бәйдібек би ескерткіші мен соның айналасындағы демалыс орнына да көп келеді. Осыған орай Шымкент қаласында туризм сұранысқа қарай бірнеше бағытқа бөлінген. Мәселен, кейбіреулер киелі орындарға барғанды қалайды. Осы ретте басқарма Өзбекстан Республикасымен туристік байланыстарды жандандырып жатыр. Малайзия, Тайланд елінен Өзбекстанның тарихи жерлерін аралауға жыл сайын миллиондаған турист келеді екен. Өз кезегінде жергілікті әкімдік сол ­саяхатшыларды бізге қарай бұру мақса­тында жұмыс істеп жатыр. Сол үшін де киелі орындарға саяхат Оңтүстіктен бас­тау алады деген ұғымды қалыптастыру бағытында тиісті жұмыстар қолға алынуда. Мәселен, Қожа-Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі Түркістан қаласында орналасса, оның ата-анасы Ибрагим ата мен Қарашаш ананың қабірі – Шымкент қаласына кіретін Сайрам тұрғын алабында. Яғни зиярат етушілердің көбі алдымен Сайрамға келеді, сосын бабамыздың ұстазы Арыстан бабқа барады, содан соң Түркістанға жол тартады.

Қызмет ақпарат

1907 символ

 

 

 

 

 

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика