2024-07-27

Қиссамен өрілген қайсар ғұмыр

       Бақыт деген не өзі! Кез-келген адам осы сұрақты өзіне өмірінде бір рет те болса, қоятыны анық. Мен ата-анаң көзіңнің алдында тірі жүрсе осының өзі бақыт дер едім. Сенің қаншаға келгенің аса маңызды емес.

       Менің әкем Мақан Әлтеев Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазір 91 жаста. Түлкібас ауданы, Пістелі ауылында дүниеге келіп, осында ғұмыр кешіп жатыр.   4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп өсірді. Оның сыртында ол кісіні ұстаз тұтатындар аз емес. Осы елдімекендегі мектепте табан аудармай қырық жылдай еңбек етіп, талай шәкіртті білім әлеміне жетектеп кіріп, қыран құстай баулып, қанаттандырды. Мен әкемнің 2-ші қызымын. Әкем маған да сабақ берген. Кішкентай кезімізде «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» жырларын оқып беретіні әлі күнге дейін көз алдымда. Бала қиялымыз шарықтап сол жырлардағы  суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын батырлар әкеме ұқсайтындай көрініп кететін. Ылғи да бізге «Оқыңдар, өтірік айтпаңдар» – деп ақылын айтып отыратын.

        Біздің ата-анамыздың тағдыры да әкем оқып беретін қиссалардың жалғасындай көрінеді маған.
       Әкем соғысқа кеткенде әкесі, наннан бойтұмар байлап балам келгенде бірақ  аламын деп өзіне-өзіне серт берген екен. Атамыз соғыс уақытында елдің көңілін көтеріп ән айтып жүрген кезінде бір қызды ұнатып, «балам келсе мен осы қызды алып берем» — деп ниет қылған екен. Баласы аман-есен соғыстан оралғанда сол қызға үйлендіріпті. Атамыз сол өзі таңдаған келінінен 8 немере сүйіп, әкеміз бен шешеміз бәрімізді оқытып, үйлі-баранды етті. 
                             ӘКЕМЕ
         Әкетайым қазынасың сарқылмас,
         Сен батырсың, алмас қылыш жаншылмас
         Батырысың заманыңның өрелі,
         Өнегең бар үлгі етер таусылмас.
Рахатын көре бер шөбереңнің,
Берген батаң нұр болып себелесін.
Басымды ием рухты әкелерге,
Арамызда аман боп жүре берсін!. 
Қалдықыз ӘЛТЕЕВА.
Яндекс.Метрика