Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілді.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 880 мүмкіндігі шектеулі азамат өмір сүреді. Мемлекет мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға ерекше көңіл бөледі.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау әлеуметтік, қайырымдылық көмекті, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды, білім алуға қолжетімділікті және мүгедектігі бар адамдардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған өзге де шараларды ұсыну арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазір әкімдік ойын алаңшаларын салған кезде мүгедектігі бар балаларға арналған арнайы ойын элементтерін орнатуды ескеріп, жауапты мамандарға тапсырған. Аталған тапсырманы орындау үшін қала аумағындағы 70-тен астам ойын алаңдарына қосымша арнайы ойын элементтерін орнату жүзеге асты.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Абай ауданының «Жайлау» шағын ауданында арнайы ойын алаңшасы салынуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады деп күтілуде.
Сонымен сандарды сөйлетсек, 4008 протездік-ортопедиялық көмек және техникалық көмекші берілген. 14 846 сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құрал таратылған. 1 163 мүгедектерге арналған қол арба құралдары берілді. 4 778 азаматқа шипажай орындарына емделу үшін жолдама үлестірілген. Мүгедектерге арнайы жабдықталған «Инватакси» 28 көлікке 507 өтінім қабылданып, қызмет көрсетілген.
Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп-тұруы қиын 1-2-ші топтағы мүгедектерге емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға бару үшін арналған «Әлеуметтік такси» 53 автокөлікке 886 өтініш қабылданып, қызмет көрсетілген.
Leave a Reply