Шымкент қаласының «Ордабасы» индустриялық аймағында орналасқан «НПО Asem» ЖШС дезинфекциялық құрылғылар өндірумен айналысатын болса, бүгінде 27 түрлі препарат шығарады екен. Оның ішінде қазіргі таңда ең сұранысы мол өнімі – антисептик. Кәсіпорын антисептиктің 2 түрін: біріншісі техникалық спирт негізінде, екіншісі тұрмыстық қолданыстағы этиль спирті негізінде жасайды.
«НПО Asem» ЖШС бас директоры М.Асановтың айтуынша, қазіргі таңда қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты қалалық әкімдікпен келісімге келген. антисептик өндірісі бойынша басқа қалаларға өнім жеткізу партияларын кейінге қалдырылып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысын толық қамтуды қолға алып отыр екен. Осы мақсатта Шымкенттің сұранысын қанағаттандыруды қолға алғанына қарамай, өзге де өңірлердің сұранысын есепке ала отырып, күніне 1-2 тонна өнім шығарып отыр. Бүгінгі партиямен төтенше жағдайға байланысты карантин жарияланған Нұр-Сұлтан қаласына 3 тонна антисептик жолданды.
«Егер, статистикалық дерекке қарайтын болсақ, инфекциялық аурулардың маңыздылығын көруге болады. Мәселен, дүние жүзі бойынша бұл аурулардан туындайтын өлім-жітім саны кардиологиялық өлімнен кейін екінші орында тұр екен. Осыдан-ақ біздің саланың оңай емес екенін көруге болады. Біздің мекеменің дезинфекция өнімдерін өндірумен айналысып жатқанына 10 жылдан астам уақыт болды. Өндірістік құрал-жабдықтарымыз жапондық болса, шикізаттарымыз еуропалық тауарлар. Негізінен, өнімнің сапасына қараймыз»-дейді кәсіпорын басшысы М.Асанов.
С.Дүйсебайұлы
Leave a Reply