2024-09-20

Абайдың туған жылы мен 175-ті теріп, Wi-Fi-ға қосыласыз

Шымкент көшелеріне ерекше орындық-құрылғылар орнатылып жатыр. «Ақылды күнбағыс» деп аталатын күн панельдері күн көзінен аккумуляторға қуат жинайды, жиналған қуат ұялы телефондарды, планшеттерді қуаттауға, жарықтандыру шамдарын жағуға, танымдық кешен құрылғысын іске қосуға жұмсалады екен.

Сондай-ақ, бұл панельдердің Wi-Fi желісін тегін тарату мүмкіндігі бар. Құпия сөз (пароль) ретінде қазақтың көрнекті ақын Абай Құнанбайұлының туған жылы мен 2020 жылы атап өтілетін мерей тойын қатар жазу арқылы Wi-Fi желісін қол жеткізуге болады.

Қала тұрғындары мен қонақтары арнайы «Ақпараттық қызмет көрсету» қосымшасы арқылы қаламыздағы көрікті жерлер, архитектуралы нысандар, саябақтар, тамақтану орындары және ойын-сауық кешендері туралы қазақ, орыс,ағылшын тілінде мәлімет алып, олардың орналасқан нүктесін картадан тауып алуына болады. «Ақпараттық қызмет көрсету» қосымшасына қазақ тіліндегі фильмдер мен ән-күйлер жинақталған.

Айта кетсек, «Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды. Олар — Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ — 3, Металлург саябағы — 3, Жеңіс саябағы — 3, Дендро саябағы — 3, Қошқар ата — 2. Идея авторлары қаладағы «SILKWAY» халықаралық университетінің мамандары мен студенттері Н.Жұматаев, Б.Болат, Е.Байдилдаев, Д.Кожахан.

Яндекс.Метрика