Қазақ балуандары тарихи жетістікке жетті

Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан грек-рим, еркін күрестен және әйелдер күресінен 5 алтын, 2 күміс, 12 қола иеленді.

Бұл – тарихи жетістік! Себебі 14 жыл бойы Азия чемпионатындағы еліміздің алтын медаль саны үштен аспай келіп еді (2006 жылы Алматыдағы АЧ алты алтын медаль алған).

Еркін күрестен Данияр Қайсанов пен Юсуф Батырмырзаев, әйелдер күресінен Татьяна Аманжол мен Жамила Бақбергенова, грек-рим күресінен Темірлан Шадукаев азия чемпионы болды.

34 жастағы Татьяна Аманжол үшінші рет Азия чемпионы атанды. Ол алғаш рет Азияның алтынын 11 жыл бұрын алған. Бұл жолы финалда екі дүркін әлем чемпионы жапон Мая Мукаидадан 0:8 есебімен жеңіліп жатып, өз әдісін өзіне қарсы қолданып, ұтты. Данияр Қайсанов екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды. Юсуф Батырмырзаев алғашқы АЧ қатысты және бірден алтын иеленді. Еркін күрестен Даулет Ниязбеков Делиде қола алды. Бұл – оның Азия чемпионатындағы жетінші медалі. Үш рет чемпион болған. Грек-рим күресінен Қорлан Жақанша үшінші жыл қатарынан Азия чемпионатының қоласын иеленді.

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика