Рамазан айындағы ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

 Жуырда өткен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің кезекті мәжілісі қайырымдылық шарасымен есте қалды.

     Өкілетті Кеңес мүшелері ХҚТУ клиника диагностикалық орталығында сүндетке отырғызылған 50 бүлдіршінге ыстық тілектерін арнап, әшекей киім мен сыйлықтар табыстады. Төрт жылдан бері қала тұрғындарының балаларын университет клиникасындағы білікті дәрігерлер тегін сүндетке отырғызып, қайырымдылық шарасын жасайды. Дәстүрге айналған бұл шараны Өкілетті Кеңес тарапы қаржыландырады.

 Сонымен қатар, Өкілетті Кеңес мүшелері қасиетті ораза айының алдында тағы бір игі сауапты іс, қайырымдылық жасады. Күн сәулесі қуатымен жүретін көлікті мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жанға табыстады. Университет тарапынан жасалып, сыйға беріліп отырған күн сәулесінен қуат алып жүретін екінші көліктің иесі Баймахан Далдекеев. Ол  университетіміздің Кентау филиалының шаруашылық бөлімінде ұзақ жылдар қызмет атқарған зейнеткер, қазір 2-топ мүгедегі.

 Осман Хората мырза 2014 жылдың сәуір айында Кентау қаласының тұрғыны, 1-топ мүгедектігі бар Бердімұратов Жәнібекке жүріп-тұру жағдайын жеңілдету үшін осы көлікті табыстап, мүмкіндігі шектеулі жанға мейірімдік танытқан еді. Мұндай ізет-құрметке риза болған Ж.Бердімұратовтың анасы Ж.Толайнова университет басшылығына және өнертапқыш Сатылмыш Чайыр мырзаға шексіз алғысын білдірген болатын.

 Күн көзінен қуат алатын батареяның күшімен жүретін үш аяқты көлікті жасап шығарушы Сатылмыш Чайыр мырза. Күн сәулесі қуатымен жүретін көлікке fotovaltaik батареялар орнатылып, күн сәулесі арқылы электр қуатын өндіреді. Күн сәулесінен өндірілген электр қуаты аккумуляторға жиналады. Жиналған электр қуаты көлікке орнатылатын қуат көліктегі бөлшектер арқылы дөңгелекке жіберіліп, көліктің қозғалысқа түсуін қамтамасыз етеді. 

PR медиа орталығы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика