ҚАРАНДАШ

Болат атасының жазу жазып отырғанын көріп: 
– Біз туралы әңгіме жазып отырсыз ба? Мен туралы да жазасыз ба? – деп сұрайды. Атасы жазуын тоқтатып, немересіне: 
– Иә, қарағым! Сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарандаш не жазып жатқанымнан да маңызды. Құдай қаласа, есейгеніңде сен де осы қарандашты жақсы көретін боласың. 
Болат қарандашқа қызыға қарап тұрады да, қарындаштан ерекшеленіп тұрған ештеме байқамаған соң, тағы да сұрақ қойып: 
– Ата, мына қарандаш басқа қарандаштарым сияқты ғой. Мұның олардан қандай айырмашылығы бар сонда? — дегенде, атасы: 
– Қалай қарағанына байланысты. Бұл қарандаштың 5 ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:
1. Керемет нәрселер жасай аласың. Бірақ әр жасаған қадамыңды жүргізетін біреу барын ұмытпа. 
2. Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарандашты ұштауға уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарандаштың жанына батса да, ұштағаным оның одан әрі жақсы жұмыс істеуіне себеп болады. Сондықтан, кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.
3. Қарандашпен қателесіп қате бір нәрсе жазып қойған кезде оны өшіргішпен оңай өшіруіңе де болады. Істеген ісің қате болса оларды жөндеуге дайын болуың керек. Және де қате жөндеуден ешқашан ұялушы болма.  
4. Қарандаштың түріне, яғни сыртқы көрінісіне алданба, ең маңызды жағы ішіндегі өзегі. Сондақтан қашан да өзегіне қарап, ең бастысы соны қорғауды білгенің жөн. 
5. Ең соңғы ерекшелігі — артынан із қалдыруы. Тура сол сияқты сен де өміріңдегі әр әрекетіңнің бір із тастайтынын ұмытпай, әрбір басқан қадамыңды аңдап басуға тиіссің. 

Ф.ТАЙТАЛИЕВ.


  • Related Posts

    Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?

    ТӘРБИЕ «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле» деген екен ежелгі философ Платон. Сол айтқандай, қазіргі қоғам алдында тұрған ең басты міндет – ұлттық болмысымызды сақтап қалатын…

    Қазақстанда ақылы түрде киік аулауға рұқсат берілуі мүмкін

    Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    «Бұл мәселе бойынша әлі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика