tories/Pochemu-posle-svadbyi-nachinayutsya-ssoryi.jpg» width=»300″ height=»226″ alt=»Pochemu-posle-svadbyi-nachinayutsya-ssoryi» style=»float: right;» />
Бұл үшін бар болғаны 3 қадам жасайсыз
21-ші сабақ
Бұл мақала — тұрмыста сүйіктілеріңізбен арада туындап қалатын майда-шүйде ұрыс-керісті тез шеше қоятын айла-амал хақында. Түсінікті болу үшін айта кетейік, мысалға отбасындағы ер мен әйелдің келіспеушілігін алуға болады.
Бұл жолы «Тақырыпты таңдаған адам басымдыққа ие болады, әңгіменің тізгіні қолында, өзі жүргізеді, ақыр соңында жеңіп шығады» — деген ұстанымды басшылыққа аламыз.
Жалпы тұрмыстағы кикілжің былай басталады. Жұмыстан отағасы әбден шаршап келеді (отанасы болуы да мүмкін). Жағымсыз көңіл-күй үйге келген соң болмашы ғана келеңсіз-діктен тереңдей түсіп, айқай-шу, жанжал, бітпейтін кінәлауларға ұласып кетіп жатады. Және мұның бәрі тоқтай қоймайды, керісінше өршиді. Көп жағдайда солай, келісесіз ғой.
Неге бұлай болады? Орынды сұрақ. Шын-дықты жайып салғанымыздан, шынайы жауап беріп, шынайы түсіндіргіміз келеді. Ал, біздің шынайылығымыздың сіркесі су көтермей тұр-ған адам үшін бір тиындық та құны жоқ. Бұл аз десеңіз, ол оны қарсылық деп қабылдап одан бетер «долданып» кетуі мүмкін. Үндемеу де дұрыс емес, бұл да солай әсер етеді. Енді не істеу керек?
Ең бастысы, отбасындағы тыныштықты сақтап қалу үшін не істеу керек. Бар ойымыз осы болады да біз оның ыңғайына жығыла бе-реміз, басты кемшілігіміз міне — осы! Түптеп келгенде, жеңілеміз. Себебі тақырыпты ол таң-дады, ал біз оны жалғастырып кеттік, тіпті тереңдетіп, кейбір жерлерін түзетіп те қоямыз. Ең өкінішті жәйт, ұрыс-жанжалға жеңіліп, отбасының берекесін кетіру.
Балама ретінде қандай әрекет істеуге болады, қарастырып көрейік:
1. Алдымен оны түсінген, қосылып мазасызданған кейіп көрсетіңіз, және бұл түріңізден көрініп тұрсын.
2. «Мен сені жақсы түсініп тұрмын», — деңіз, тіпті ештеңе түсінбей тұрсаңыз да.
3. Енді жаңа тақырыпты бастаңыз (оған жағымды болса тіпті жақсы).
Мысалы, Әкесі! Көптен бері сұрағым ке-ліп жүр еді, жұмысыңның көптігіне қара-мастан күніге сен үйге қайтарда байсалды, сабырлы қалпыңды сақтап қаласың, ал мен әбігерленем де жүремін, осыны сенен үйрену керек еді?..
Шынымен осылай еткіңіз келе ме, жоқ па, бұл маңызды емес. Сіз абстрактілі ой саласыз және ол қарсы тараптан міндетті түрде негізделеді.
Болды! Тақырыпты сіз таңдадыңыз және ұсындыңыз. Оның миына дәнді тастадыңыз. Біршама уақыт өтеді. Бұл сауалыңызға жауап болмауы заңдылық. Ол жауап бермеуі мүмкін, бірақ ойланады. Тақырып оның артықшылығы, қадыр-қасиетіне байланысты болғандық-тан, оны қолдамау ары қарай дамытпау мүмкін емес. Басқаша сөзбен айтқанда сіз оны елік-тірдіңіз, қызықтырдыңыз, егер жауап берер болса,сіздің мақсатыңыздың орындалғаны. Сіз оған жағымды ой салдыңыз, ашудың бетін осылай қайтаруға болады.
Мұндай жағдайда «тілімді қышытпашы» деп жатады. Десе де өте тиімді әдіс.
Мұның бәрі шын мәнінде тілін «қышытпау» үшін жаңа тақырыпқа кірер алдында мін-детті түрде жаныңыздың ауырып тұрғанын көрсететіндей немесе еліктейтін адамды шын тапқандай кейіпке енуіңіз керек. Сонда ғана ол мұны сіздің аңғалдығыңыз деп қабылдап күлкіге жеңдіруі мүмкін немесе, үндемей өтіп кетеді.
P.S. Әрине, бұл тәсіл барлық дау-жанжал үшін тиімді деп айта алмаймыз. Әртүрлі адамдар болады. Біреулер тырнақ астынан кір іздейді де тұрады, ал, біреулер тек өзінікі дұрыс дегеннен жаңылмайды, ешкімге сенбейді. Ондай адамдармен қалай тіл табысуға болады дейсіз бе? Сұрағыңызға сұрақпен жауап бергім келеді — «Сіз ондай адамға қалай тап болдыңыз және оның жанында не істеп жүрсіз? Сізді ұстап тұрған не?
Leave a Reply