Өмірлік шешім қабылдай алмай жүрмін

11 жасымнан шығармашылықпен айналысамын, жасым 27-де. Өлең жазамын, сурет саламын, мүгедек емеспін, бірақ денсаулығым жоқ, сондықтан мені еш жерге жұмысқа алмайды. Шығармаларымды жинақтап жарыққа шығарғым келеді. Жақында қалалық мүгедектер қоғамына хат жазып, жағдайымды айттым. Маған олар әдеби-музыкалық клуб ашу туралы ұсыныс айтты. Келетін мүгедектермен жұмыс істеу керек, әрине тегін, бірақ осылай еткенде маған өз шығармашылығымды жарыққа шығаруға жағдай туады. Бірақ анам ести сала бірден қарсылық білдірді. Олардан не үйренесің, теріс энергия қабылдайсың, осы кезде кім тегін жұмыс істейді, — дейді. Анама қарсы шыққым-ақ келеді, бірақ бәрі оның айтқанындай болып шықса не істеймін. Маған не дейсіз? 
М.Т.: Мен сізге біріншіден мынаны айтқым келеді. Сіз үшін өзіңізден басқа ешкім де шешім қабылдай алмайды. 27 жасқа келген адамға туыстарыңыздың пікіріне құлақ аспа дей алмаймыз, десе де сізде шешім қабылдау құқы бар екенін ұмытпаңыз. Сіз ойша мынаны көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Қоғамға жазылдыңыз, бірінші күні жұмысқа бардыңыз, адамдармен араластыңыз, әңгімелестіңіз, бәріңіз бірге отырып, жұмыс жоспарын жасадыңыз… Енді осының бәрі көз алдыңыздан өтіп жатқанда қандай көңіл-күйде, сезімде болдыңыз соны жазу керек. Бұл сіздің дұрыс шешім қабылдауыңызға көмектеседі. Егер осының бәрі жағымды әсер қалдырса неге ұсынысты қабылдамасқа?! Менің сізден мынаны сұрағым келіп отыр: жұмысқа бару бармау дегенді сіз неге 2 нұсқа ретінде қарастырып отырсыз. Бірінші көру керек, ұсыныстан кез-келген уақытта бас тартуға болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика