2022-08-10

«Ақбұлаққа» айтарымыз көп…

      «Ақбұлақ» деп отырғанымыз — мемлекеттік бағдарлама. Сегіз жылға созылған «Ауыз су» бағдарламасының жалғасы. Мақсаты — Қазақстанның тұрғындарына таза ауыз су жеткізу. Бәріміздің таза су ішкіміз келеді. Бірақ соған қол жеткізудің өзі оңай шаруа болмай тұр. Осы мәселеге алаңдаушылардың қатарында коммунистер де бар. Күні кеше оңтүстікке ҚР Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков келді, қоғамдық тыңдау өткізді. Тақырып сол — «Ақбұлақ».

tories/DSC00209.jpg» width=»500″ height=»281″ alt=»DSC00209″ style=»float: right;» />

      Оңтүстікте аталған бағдарламаға орай сипат алып кеткен жағдай -құрылысшылар жұмысты іс жүзінде емес, қағаз жүзінде тапсыра береді екен. Мәселен, Ордабасы ауданына қарасты Мамыр ауылындағы су мұнарасы бөгетінің құрылысына мемлекеттік бюджеттен 68,7 млн. теңге қаралған. Ал, «Строитель» атты ЖШС-і нысанды пайдалануға тапсыруды қағаз жүзінде ғана жүргізген және Ф-2, Ф-3 нысанды қабылдау актісіне қол қойған.
      Аталған ауданның «Семхоз» ауылында да осындай жағдай орын алған. Ауыз су құрылысын жүргізуге қарастырылған 25 млн. 849 мың теңге жымқырылып кеткен. Бұл облыстық прокуратура қызметкерлері ұсынып отырған мәліметтер.
      Бүгінде Ордабасы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы А.Қонаев, осы бөлімнің бас маманы Г. Батырханова мен  «101 строй инвест» ЖШС-ның директоры К. Мелдебектің үстінен қолданыстағы заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл бір ауданға қатысты ғана мысал.
      Қоғамдық қабылдауда сөйлегендер «Ақбұлаққа» қатысты айтарының көп екенін аңғартты. Ал, Коммунистік халықтық партияның өкілдері оларды бағдарламаның орындалуын халық болып қатаң бақылауға алуға шақырды.
      Ахметбеков аталған бағдарламаның  оңды іске асуына қоғамдық бақылау оң әсер етеді деген пікірде.
      — Мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаржының кей жағдайда талан-таражға түсіп кететіні жасырын емес. Одан зардап шегетін жергілікті халық. Сондықтан да қоғамдық бақылау қажет. Біз бүгін ҚКХП ОҚО комитеті жанына қоғамдық бақылау енгізіп отырмыз. Мұндай бақылауларды үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қоғам қайраткерлері жасай алады, — дейді халық  қалаулысы.

                                                                                                                                                                      Дана АЙБАСОВА «Қызмет» газеті


Яндекс.Метрика