Құжатыңа қарап ал!

      Бүгінде кәсіп ашамын деген азаматтарға қоғамның да, биліктің де көзқарасы түзеліп келеді. Мақсатың айқын екен, бизнес-жоспар әзірлеу тегін, тіпті кеңес те тегін беріледі, микронесие де қолжетімді. Егер мұндай қызметті тұтынғыңыз келсе, Шымкенттегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталыққа келіңіз. Бұл жолы аталмыш орталыққа кәсібін жаңадан ашқан кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. Біздің мақсатымыз оқырманға өткен іс-шарадан толыққанды ақпарат жеткізу болғандықтан, көріп-білгенімізді баяндай отырайық.

tories/IMG_2575.jpg» width=»500″ height=»333″ alt=»IMG_2575″ style=»float: right;» />

     Кәсібін жаңадан ашқалы жүрген азаматтар жіберетін алғашқы кемшілік құжатқа қатысты екен. Қазақшылыққа салынамыз. Қолымыздағы құжатта көрсетілген мәліметтер іс-әрекетімізбен сәйкес келмей жатады. Ал, бұл мәселе өз кезегінде дау-дамайдың тууына сеп болады. 
      Мысал. Мәселен, кәсіпкер өзінің тұрғын үйін бала-бақшаға  айналдырғысы келеді. Бірақ ол мұны өз еркімен жүзеге асыра алмайды. Ол үшін мемлекеттің  рұқсатнамасы берілуі тиіс. Және тұрғын үй бала-бақшаға ыңғайластырылған соң, техникалық құжаты (техпаспорт) өзгертіледі. Сондай-ақ, ол бизнес-нысанға айналғандықтан, қазынаға белгілі бір пайыздық мөлшерлеме төленуі керек. Бұл дегеніңіз қалтаңыздан белгілі бір мөлшерде қаржы шығады деген сөз. Осыны ескеріп барып әрекетке кірісіңіз. Кеңес берушілер осындай бірнеше мысал келтіріп, оның орындалу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді. Кәсіпкерлер де өз тарапынан туындаған сауалдарын ашық қойып, тиісті жауаптарын алды. Түйгеніміз — кәсіп ашу үшін құжатың сай болуы керек екен, сондықтан да «Құжатыңа қарап ал!» деп  көп талқыға түскен мәселені бір түйіп қоямыз.
      Осы орайда орталық жұмысына қызығушылық білдірген оқырмандарға  мына ақпаратты да жеткізе кеткенді жөн көрдік.
      «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасының 4-ші бағытына сәйкес ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкер боламын деген азаматтарға бизнесті белсенді жүргізу мақсатында «Тегін сервистік қолдау көрсету» қызметтерін ұсынып отыр. Соны-мен қатар, кәсіпорынның тиімділігін арттыру мақсатында басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған мынадай қызметтерді де ұсынады

1. Бухгалтерлік және салықтық есеп, статистикалық есеп;
2. Кедендік рәсімдер;
3. Менеджмент жүйесін енгізу;
4. Заңнамалық қызметтер көрсету;
5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
6. Ақпараттық технологиялар саласында кеңес беру;
7. Мемлекеттік сатып алулар мен ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер.
                                                                                                                                                   Ж.ҮСЕНТАЕВ «Қызмет» газеті


  • Related Posts

    Ұлттық құндылықтарды қалай дәріптейміз: қоғам немесе ата-ана?

    ТӘРБИЕ «Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең ұлыңды тәрбиеле» деген екен ежелгі философ Платон. Сол айтқандай, қазіргі қоғам алдында тұрған ең басты міндет – ұлттық болмысымызды сақтап қалатын…

    Қазақстанда ақылы түрде киік аулауға рұқсат берілуі мүмкін

    Қазақстанда киік санын реттеу мәселесі қазан айында шешіледі. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.    «Бұл мәселе бойынша әлі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика