2022-09-29

Сіздің демалуыңыз керек, сіз — оған лайықсыз!

girls2tories/girls2.jpg» width=»448″ height=»300″ />Қазіргідей  алмағайып заманда әсіресе, іскер адамдардан  ұйқы дегенді ұмыттық дегенді көбірек естиміз. Бір тәулікте бар болғаны 24 сағат қана бар. Тірлік бастан асады, уақыт жетпейді. Ұйқы дегенде біз міндетті түрде  тәулігіне 9 сағат ұйықтау керек дегенді айтып отырғанымыз жоқ. Адам өмірінде, қоғамда болып жататын қиындықтарды еңсеру үшін бәрімізге де белсенді жұмыс істеуге тура келеді. Мәселе қанша уақыт ұйықтағаныңда емес, қалай ұйықтап тұрғаныңда. Біз бүгін осы туралы айтамыз.
  

Егер алдағы күн іскер кездесулерге толы қарбалас болса, өзіңізге ешуақытта «Мені ертең ауыр күн күтіп тұр» деп айтушы болмаңыз. Мұндай ой жанымызды түршіктіреді,  ұйқыға кері әсерін тигізеді. Сіз өзіңізге күн қаншалықты қарбалас болса да «бүгін бітірмегенімді, ертең тындырамын» деп уәде беріңіз. Тәмәмдалуға керек тірліктерді маңыздылығы, өзектілігіне қарай жоспарлаңыз. Қайсысы кезек күттірмейді, бірінші кезекке қойыңыз. Мұндай да қазақ дегбірсіздікке бой алдырып  кетпеу үшін «құдайдың күні көп  пе, сенің тірлігің көп  пе» дейді. Өзіңізді-өзіңіз осылай сабаға түсіріп алып, көз іліндірсеңіз, сеніңіз таңертең ұйқыңыз қанып, тың оянасыз. Мұнан өзге 100-ден кері қарай 1-ге дейін санап, қайта 5-ке дейін санап шығуда тез ұйықтап кетуге оң әсерін тигізеді. 5-ке дейін санап жатып өміріңіздегі ең бақытты сәттерді көз алдыңызға елестетіңіз.
Егер ұйқыдан сергек оянып, сергек көңілде жүріп, жоспардағы істеріңізді қалай еңсеріп тастағаныңызды байқамай да қаласыз. Ал, егер қандай амал істесеңізде кірпік іліндіре алмай-ақ қойсаңыз, өзіңізді менің ағзам демалып жатыр деп алдарқатыңыз, бойыңызды бос тастаңыз, бірте-бірте маза бермеген ойлар  алыстап, ұйқы құшағына алады.

Қашанда мынаны мықтап есіңізде ұстаңыз.

Сіз қанша жерден еңбекқор болсаңыз да, міндетті түрде белгіленген уақытта демалуыңыз керек. БҰЛ МІНДЕТТІ.
Кейде жарты күн бау баптасаңыз, болмаса өзіңізге ұнайтын әнді тыңдап жарты күн үйде жатсаңыз осының өзі жанды сергітеді. Бірақ дәл қазіргі уақытта қалада болсын, далада болсын қолынан тірлік келетін адамның бір сәтте бос уақыты жоқ. Соған қарамастан демалыстың орны бөлек екенін ұмытпаңыз. Сіздің ұйқыңыз—денсаулығыңыздың өлшемі. Егер сіз жақсы ұйықтасаңыз қанша көп жұмыс істемеңіз бәрі орнында, өміріңіз де өзіңіз ойлағандай өрбіп жатыр, бәрі өз қалауыңыздағыдай деген сөз. Ал, ұйқыңыз бұзылған екен, ойлануға тура келеді, өміріңізді қалай өзгерткіңіз келіп жүр, қайта қарап шығыңыз.
                                     
                              

Алғашқы дұшпан, бірсарындылық

Ұйқысыздық сияқты ұйқыбастылық та, жақсылықтың нышаны емес. Жұмысыңызда бәрі орнында, басшыңыздың тілін тапқансыз, үйде де бәрі ойдағыдай… Осыған қарамастан адам стреске (есеңгіруге) ұрынады. Біздің басты жауымыз бірізділік, бірсарындылық. Күніге ұйқыдан тұрасыз, жұмысқа барасыз, қайтып келесіз, бала-шағаңызбен отырып тамақтанасыз, футбол болмаса, өзіңіз жақсы көретін телехабарды,телесериалды тамашалайсыз. Жолдастарыңызбен кешке  дәмханаға барып келесіз, болмаса көршіңізбен шахмат ойнайсыз. Күн де осылай. Ұрыс-керіс, келіспеушілік жоқ, бәрі бірқалыпты. Адам баласын мұндай бірқалыптылықтың өзі жалықтырып жібереді екен. Бірақ ол бәрін дұрыс көргендіктен қарсы әрекетке бармайды бәріне мойынсынады, өзгеріс керек емес деп санайды. Бірте-бірте ұйқыбастылыққа ұрынады. Бұл бер жағы, мәселен экономикасы тұрақты Данияда адамның өзіне-өзі қол жұмсау фактісі  басқа мемлекеттермен салыстырғанда жиі кездеседі екен.
Адамзаттың болмысы қызық. Адам баласы ықылым заманда –ақ бірқалыптылықтың қауіпті екенін түйсінген. Сондықтан да оны бұзатын түрлі әдет-ғұрыпты өміріне енгізе бастаған. Басты оқиғалар—бұл МЕРЕКЕЛЕР. Қыс түседі мереке, егін салады мереке, егін жинайды мереке. Салт-дәстүрге қараңыз. Жайлауға шығады мереке, қыстауға қонады мереке. Оған діни мерекелерді қосыңыз. Мұның бәрі адамның көңілін аулау үшін ойлап табылған.
Ендеше біз де өмірімізден бірсарындылықты аластату, олай болмаған жағдайда соның үлесін азайту үшін әрекеттеніп көрейік. Мейлі сіздің жұмысыңыз қауырт, қызық-ақ болсын, соған қарамастан бірсарындылықтан қашып құтыла алмайсыз.  Жұмыс ол қайталанып отыратын жүйе. Сіз сол жүйеге қызмет жасайсыз. Мысалы біз әншілердің, өнер адамдарының өмірін қызық көреміз. Олар күнде сахнаға шығуы керек, ән айтуы керек, әртіс те солай сахнаға шығады, берілген мәтінді жаттайды, ойнайды. Дәрігер аурулардың  бір-біріне ұқсас «жырларын» тыңдайды, ұшқыш бір бағытта «ары-бері» ұшады.  «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің демекші» бірсарындылықтың көкесін жұмыстан кейін көресің. Үйге қайтасың, жолда азық-түлік сатып аласың, үйге келіп кешкілік ас әзірлейсің, жиып-тересің, ертең киетін киімдеріңді әзірлейсің… Ал, біреулер күнде жұмыстан кейін сауық-сайран құруға бейім тұрады, гольф ойнайды, биллиардқа барады…Осылай күнделікті өмірдің шеңбері сызылады. Үй-жол-жұмыс-үй…Болмаса үй-жол-жұмыс-ойын-сауық орындары-үй… Бұл шеңберден кей уақытта шығып тұру керек. Көп адамдар армандайтын тұрақтылық кейде кеудесінде  жантүршіктірер қауіп-қатерді жасырып жатады.
Біз кейде «кім-кім осы адамның төрт құбыласы сай болар деген адамнан «Жалығып кеттім» дегенді жиі естиміз. Естимізде осыған не жетпейді екен деп түсіне алмай дал боламыз. Оны жалықтырып жүрген баршылық, тұрақтылық. Сондықтан да мүмкіндігінше тұрақтылықтан, бірқалыптылықтан құтылуға тырысқан абзал.   
ДАҒДАРЫСТЫҢ пайдасы адамзатты үнсіз жейтін жау бірқалыптылықтан құтқарады.
Ол үшін аптасына бір  рет жұмыстан үйге қайтатын бағытты өзгертіңіз. Жолды қосымша ойда жүрген істеріңізге пайдаланыңыз. Көптен көрмеген туыстарыңызға, досыңызға соғыңыз. Жолдан  әдемі гүл шоғын сатып алыңыз. Сеніңіз, туысыңыз болмаса, досыңыз бұл күтпеген сыйды жылышыраймен қабылдайтын болады. Балалар үйі немесе бала бақшаға қайырыла кетіңіз. Бүлдіршіндерге сый жасауды артық көрсеңіз, жай отырып ойынын тамашалаңыз. Оның жан-дүниесінен, оның күлкісінен риясыз дүние жоқ.Тіпті жаяу жүргеннің өзі адамға ой салады. Асықпай жан-жағыңызға қараңызшы. Күнде байқамай жүрген түрлі жайттарға куә боласыз. Қиналып жүрген де бар, шаттанып жүрген де бар. Бәрінің өмірі сіздікіндей бірқалыпты емес.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:

*Күніне  кемі 15  минут  уақытыңызды қалта телефоны болмаса компьютердегі ойындарға бөліңіз. Бұл маза бермей жүрген ойдан бір сәтте болса алыстатып, миыңыздың демалуына көмегін тигізеді.
*Мүмкіндігінше көлік жүргізіп келе жатқанда қаншалықты маңызды болса да телефонмен сөйлесуден аулақ болыңыз, кейбіреулермен болған әңгіме дегбірсіздікке әкеледі. Алаң көңілдің ақыры өзіңіздің де, өзгенің де өмірінің астаң-кестеңін шығаруы мүмкін.
*Мерекелі кештерге барыңыз болмаса өзіңіз ұйымдастырыңыз. Бірақ күнде емес. Мерекеде жалықтырады. Аптасына бір рет мерекеде болсаңыз артық та емес кемде емес. Мүмкіндігінше әннің көп айтылғаны дұрыс.
*Караокеге баруға әдеттеніңіз. Караокені ән айту үшін емес, айқайлау үшін ойлап тапқан. Барыңызды көрсетіңіз, бірақ шын ықыласпен. Даусы жоқ мынаған не жоқ деп сізді ешкім кіналай қоймайды. Қайта сіздің батылдығыңызға ризашылықпен күліп, қол соғып қолдауы мүмкін. Сізде көңілдісіз, ол да. Тірліктің күйбеңіне жол жоқ мұнда. Бірқалыпты өмірден шығасыз, онымен бірге дағдарыстың бір «сыйы» дүрбелеңде кетеді.

Нені ескерген жөн

*Жарылқаушыдан сұрағанның жөні осы екен деп жарататын жерім көп, көп ақша бер деп сұрай бермеңіз. Белгілі бір нәрсеге, белгілі бір соманы сұраңыз.
*Өзгерте алатыныңызды ғана өзгертуге күш салыңыз, Өзгеруі мүмкін емеспен келісіңіз. Біріншіден екіншісін ажыратуды үйреніңіз.
*Ақша табу барлық уақытта күш-қуатпен байланысты.
*Демалу үшін барлық жағдайды  жасаңыз. Сіздің демалуыңыз керек,оған лайықсыз.{jcomments on}

Яндекс.Метрика