2024-07-27

КӘСІПТІ ДАМЫТУДА ҚАНДАЙ СТРАТЕГИЯНЫ ТАҢДАУ ҚАЖЕТ?

       Сату стратегиясы —  кез келген кәсіптің даму негізі.  Компанияңыздың болашағы мен гүлденуі үшін сіз тауарды немесе қызметті сатуға болатынын және не үшін сатып жатқаныңызды түсінуіңіз қажет.  Сату стратегиясы мынадай негізгі сұрақтарға жауап береді. Компания гүлдену арқылы неге жеткісі келеді ?

Стратегия бұл:

 Сіздің компанияңыздың  күшті және әлсіз тұстарының  қоршаған ортаға әсері мен пайдасын анықтау

  • Сіздің өз кәсібіңізді дамыту үшін  ресурстарды қолдану ерекшелігіңіз

Өз жұмысыңызда  шағын кәсіп  үшін  келесі стратегия түрлерін  қолдана аласыз :

  • Оптимальды мөлшер стратегиясы . Бұл стратегия нарықтағы ірі компаниялардың ісін жүргізу емес, шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін  тиімді болып саналатын стратегия . Мысалы мал дәрігерлігі, немесе ауыл шаруашылығы т.б
  • Ірі компаниялар өнімін өндіруге қатысу. Мысалы ірі компаниялардың көп шығыны  ұсақ заттарды шығаруға кетеді.  Сондықтан сіз ұсақ заттарды  ірі компаниялар үшін шығара аласыз.  Мысалы, сыйлық қаптамаларын ірі көлемдегі өнімге шығаруға болады.
  • Ірі компаниялардың тауарларын өткізу стратегиясы. Мысалы сіз ірі компаниялардың  тауарын сатуға, жеткізуге ,тұтынушыларға қызмет көрсету т.б

 Егер сіздің  кәсібіңіз  орта болып табылатын болса,  онда өз нарықтық қуысында жұмыс атқаруға болады.  Нарықтық қуыс дегеніміз —  бұл тұтынушылар тобы  және осылар үшін тауар немесе қызмет ұсынылады. Бұл  тауарлар басқа бәсекелеске қарағанда ерекшеленеді.

Стратегия мысалдары:

 Бар жағдайды сақтап қалу немесе қуыс  стратегиясы.  Бұл стратегияда тұтынушыларыңызды  қажеттіліктеріне сәйкес  жоғалтып алуыңыз мүмкін.  Мысалы   тұрақты тұтынушыларыңыз үшін  жеңілдіктер немесе  жақсы  қызмет түрін көрсетуіңіз қажет.

Жаулап алу іздеу  стратегиясы : Орта фирма  өзінің жұмысы мен ісін ары қарай дамыту үшін  ірі фирмаларды іздейді.  Олар ірі компаниялардың қаржысын пайдалана отырып,  нарықтағы  орнын сақтап қалуы мүмкін.  Сондай-ақ серіктестерін қай кезде болмасын өзгертіп тұруға мүмкіндік алады. Мысалы сіз  ауыл шаруашылық техникаларын жөндеп жүрсіз, сіздің тағы жеңіл автокөліктерді жөндеу орнын ашқыңыз келді. Бұл үшін сіз енді  басқа компанияны іздеп, уәкілетті өкілі болуға ұмтыласыз.

Фирма  үздіксіз дамып отыру үшін  қажетті ресурстармен қамтамасыз ету қажет. Мысалы  сіз шаштараздық қызметін атқарасыз, осы уақытта массажға сұраныс болса, сіз массаж салонын ашу керек болады.

Яндекс.Метрика