2024-07-27

Жұлдыз-жорамал

tories/zodiak_oven1-300×225.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»zodiak_oven1-300×225″ style=»float: left;» />

     ТОҚТЫ  21.03-20.04    Бұл аптада сізге «бел жазбай» жұмыс істеуге тура келеді,өз пайдаңызды бір сәтте ұмыт  қалдырмаңыз. Қандай  шаруамен айналыспаңыз алдын ала сәтті әрі пайдалы болатынына сене беріңіз, тіпті  «үмітсіз» деген жобалардың  өзі жетістік әкеледі. Демалыс күндеріне қарай жағымды оқиғаларға куә болып  қуанышқа бөленесіз немесе жеке  өміріңізде көптен күткен өзгеріс орын алады. Сәттілікті жіберіп алмаңыз.


tories/1701350.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»1701350″ style=»float: left;» />

    ТОРПАҚ  21.04-20.05    Жаңа байланыстар орнатуға барыңызды салыңыз. Серіктестік, іскерлік, жеке    өміріңізде… Мұның бәрі сіздің  жетістігіңіздің қазынасын толтыра береді және бұл аптада болмаса да, таяу бола-  шақта кәдеңізге жарайды. Апта  соңына қарай үйді, кеңсені қайта жабдықтау ойыңызда жүрсе немесе қаржыға  қатысты жоспарларыңыз болса  іске батыл кірісе беріңіз, бәрі күткендегіңізден де керемет шығады, мұндай сәттер  жиі бола бермейді, оны сіз жақсы  білесіз.


tories/bliznec.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»bliznec» style=»float: left;» />

     ЕГІЗДЕР  21.05-20.06    Жағымсыз көңіл күйдің белең алып, сізге билігін жүргізіп кетуіне жол бермеңіз. Егер  осыған шамаңыз жетсе,  апта бойында ешқандай проблема шыға қоймайды, десе де кейбір мәселелерде  байсалдылық танытқаныңыз  керек-ақ. Әсіресе, жақсы тани қоймайтын және мүлдем танымайтын адамдармен  дау-шарғыға килігіп қалғаннан  сақтаныңыз. Жұмысыңызбен қаржылай салада тұрақтылық сақталады, кәсібіңіз  өркенін жая түседі.


tories/rak2_590_315_jpg.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»rak2_590_315_jpg» style=»float: left;» />

     ШАЯН  21.06-22.07      Бұл аптада қай салада келіссөздер жүргізбеңіз сәтті болатынына кепілдік бар.Кездесулер,  жұмысқа қатысты іс  сапарлар, сондай-ақ айналамен, адамдармен қарым-қатынастың кез-келген түрі мен тәсілі сіз  үшін қолайлы әрі  жағымды әсер етеді. Сәрсенбі мен бейсенбіде жеке шаруаңызбен қаржы саласында  түсінбеушіліктер орын алуы  мүмкін. Проблеманың алдын алу үшін болып жатқанға сабырмен қарап, шешімді  кешіктірмей қабылдаңыз.


tories/1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev» style=»float: left;» />

     АРЫСТАН 23.07-23.08    Керемет мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр. Әсіресе, жұмысыңыз бен жеке  өміріңізге қатысты.  Өзіңіздің талантыңыз бен қарым-қабілетіңіздің барын осыған дейін білмей келсеңіз де –  өзіңізге сенім білдіріңіз де,  тек қана алға ұмтылыңыз.Міндетті түрде әртүрлі әдіс-тәсілді қолданып көріңіз, олар  міндетті түрде жетістік әкеледі  және мақсатыңызға жылдам әрі сенімді жетудің жолдарын ашады.

tories/bliznec.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»bliznec» style=»float: left;» />

     БИКЕШ 24.08-23.09    Апта басында туған-туыс, айналаңыздағылармен қарым-қатынаста барынша сыпайы  әрі  сақ болуға  тырысыңыз, себебі, сіздің жоспарларыңыздың орындалуына солардың тікелей ықпалы болады.  Өкінішке орай  сізге өзіңіздің ғана емес сіз үшін аса жағымды әсер ете қоймайтын, сіздің жұмыстарыңызға кері  әсерін тигізіп,  кедергі келтіретін адамдардың да көңіл-хошын бағып, бақылауда ұстап отыруға тура келеді.

tories/veci2012-300×225.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: left;» />

     ТАРАЗЫ 24.09-23.10 Тынымсыз, бірақ өте қолайлы кезең. Күтпеген жерден сыйлықтар, атқарған  жұмысыңызға материалдық  тұрғыдан сыйақы алуыңыз, тіпті Тағдырдың сыйына кенеліп шаттануыңыз әбден  мүмкін. Шын жүректен  айтылған қарапайым ақыл-кеңестің өзі мақсат-мұратыңызға жету немесе қаржылай  жағдайыңызды жақсарту не  күрделі проблеманы шешу үшін түрлі мүмкіндіктердің таңдауын ұсынады. Мұқият  болыңыз қараңыз, тыңдаңыз.


tories/skorpi_2012.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»skorpi_2012″ style=»float: left;» />

     САРЫШАЯН 24.10-21.11   Бұл апта жұмыста орын алатын тосын сыйлықтарымен ғана таңдандырмайды,  күтпеген қаржылай табыстар  табасыз. Мұндай жағдайда жолым болмады деп ешкім айта алмайтын шығар, сірә?!  Ендеше, келіп тұрған сәттілікті  уысыңыздан шығарып алмаңыз. Ол аз десеңіз, таяуда жеке өміріңізде де өте  жағымды әсерін қалдыратын  кездесулер күтіп тұр.


tories/strelec_590_315_jpg.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»strelec_590_315_jpg» style=»float: left;» />

     МЕРГЕН 22.11-22.12   Бәрі жақсы, бірақ… жаңа шытырмандарға деген құштарлық немесе сіз үшін маңызды  мәселені қисынсыз  жолдармен шешуге деген ұмтылыс жағымсыз жағдайларға итермелеуі мүмкін. Ісіңіз сіз  ойлағандай нәтиже  бермейді, қаржылай шығыс шығады. Қалай болғанда да қаржы саясатын да мұқият әрі сақ  болыңыз, ал, басқа  салаларда әдеттегідей көшбастаған қалпыңызда қала бересіз.


tories/24240.gif» width=»130″ height=»98″ alt=»24240″ style=»float: left;» />

     ТАУЕШКІ 22.12-19.01   Аптаның басты жетістігі — тың шешім мен мінсіз мінез-құлық болмақ. Бұл кезеңде сіз  егер қажет деп тапсаңыз  «құшаққа сыймайтынды құшақтайтын» боласыз. Сізді белсенді жұмысқа күтпеген,  бірақ жағымды жағдай итермелейтін болады. Бірақ, арқаны кеңге салып жібермеңіз, демалысқа дейін сізге  туыстарыңыз, сүйіктіңіз,  достарыңызбен арадағы қарым-қатынаста күрделі сынақтардан өту керек.


tories/—2013—.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»—2013—» style=»float: left;» />

     СУҚҰЙҒЫШ 20.01-19.02   Аптаның алғашқы күндері мен демалыс-серіктестер, әріптестермен туыстар  арасында қарым-қатынасты реттеп  алуға таптырмас кезең.Сәрсенбі мен бейсенбіде қаржылай істердің жағдайына  тереңірек талдау жасау керек  болады. Жұма күні шығынға ұшырамау, жұмыста проблема туындатпау үшін бұрын  бастаған істеріңізді бітіріп  тастаңыз.


tories/38960332.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»38960332″ style=»float: left;» />

     БАЛЫҚТАР 20.02-20.03    Бұл аптада сіз жетістік пен баршылықтың әсерінен тап бір Алтын балықтай  жарқырап, жайнап жүресіз. Әрине,  бәрі сіздің қолды бір сілтегеніңізден бола қалмайды, егер іске белсенді  кіріссеңіз, күрделі қиын көрінген мәселенің  өзіне сіздің алдыңызда «тізерлегеннен» басқа амал қалмайды. Осыдан  кейін іс оңалды дей беріңіз. Өз күш-  жігеріңізге және табысыңыздың молая түсетініне сеніңіз.















Яндекс.Метрика