2024-07-27

АҚПАРАТТЫ ҚАЛАЙ ЖИНАУҒА БОЛАДЫ?

       Ақпарат – бұл кез келген мәлімет, қажетті жағдайдағы кәсіпкерге қызықты мәліметтер. Ақпарат  кез келген адамнан, жағдайдан, болымнан алынуы мүмкін. Ақпарат барлық жерде бар: суретте, дыбыста, телебағдарламаларда, киноларда, сөздерде, сандарда  тіпті сезімдерден алуға болады.

       Қандай да бір жағдайда алынған ақпарат екінді болып табылады. Бұл қазіргі жиналған ақпараттар біреу арқылы жарияланған болып табылады. Ақпараттың жартысын тегін алуға болады. Ақпараттың қалғанын  басылымдардан,  зерттеу орындарынан сатып алуға болады.  Сонымен қатар әртүрлі зерттеулер мен есептерді  ғаламтор желілерінен табуға болады.  Бірақ алынған ақпарат ескі немесе болмауы да мүмкін.  Бұндай ақпараттарды сатып алмастан бұрын, тегін ақпараттарға сүйену керек.  Ақпараттың ең көп көлемін газетті оқу кезінде журнал анықтамаларды ақтару кезінде  т. б табуға болады.  Ақпаратты теле радиолардан да  жинауға болады.
        Кей кездері кәсіпкердің өзінің жинауына әкеліп соғады.  Бұл үшін ол мұндай ақпараттарды өзі сұрайды, бұл бастапқы деп аталады.
        Бақылау – бұл  қандай да бір нысанда сатушы қабшықтарында не бар екенін бақылау немесе  балалардың қандай ойын ойнап жатқанын   көру .
       Сұрақ  – нақты сұрақтар қою арқылы адам ой пікірін білу. Сіз маркетингті зерттеуді өзіңіз жүргізе аласыз. Тұтынушының  қажеттілігімен қалауын сезе біліңіз. Әртүрлі жастағы тұтынушылардың тауарды немесе қызметті қолдану жүйесін оқып біліңіз. Жарнама хабарламасын көруден басталады. Сіздің бәсекелестеріңіз қандай жарнаманы қолданып жатыр соған көңіл аударыңыз. Бәсекелес компанияларға хабарласып, олар жайлы ақпарат жинаңыз. Олар жайында баға, акция қандай жеңілдіктер беретінін біліп алыңыз. Бәсекелес компания офисына барыңыз  клиент ретінде,  жағдайға мән беріңіз, тұтынушы ағымын байқаңыз. Адамдар мен араласыңыз олардың сатып алудағы ой пікірін біліңіз.
        Өз тауарыңызға бағаны ойлап қойыңыз, әр түрлі қалаларда  нарықта бағаның қандай екендігіне көз жеткізіңіз.
Яндекс.Метрика