2024-07-27

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

tories/16235218.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»16235218″ style=»float: right;» />

ТОҚТЫ
21.03-20.04

Жеке тұлға ретінде шын мәнінде сізге не керек, қандай қажеттілігіңіз бар, осы уақытқа дейін қандай қателіктер жібердіңіз, қандай қорытынды шығардыңыз, осының бәрін бір рет сүзгіден өткізетін уақыт келді. Енді сізге өмірден ойып тұрып орныңызды алу керек мақсатыңыз бен мүддеңізді айқындап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарыңыздың тым болмаса сұлбасын жасап, көз алдыңызға елестетіңіз. Ал, күнделікті міндеттерді уақытында атқару мен бүгін атқаратын істі ертеңге қалдырмау тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

tories/1701350.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»1701350″ style=»float: right;» />

ТОРПАҚ
21.04-20.05

Күрделілеу апта күтіп тұр, жоспарларыңызды жүзеге асыруда күтпеген кедергілер мен қиындықтар туындауы мүмкін. Сізге болып жатқанның бәріне шынайы қарау керек, «өздігінен жөнделіп кетеді» деп болмайтынға иек артудың керегі жоқ, осылай етсеңіз ғана діттегеніңізге жетесіз. Бұл да бір сынақ. Қалыптасқан ахуалмен келісіңіз және істеген әрекеттеріңіз бен ниет-тілегіңіз шын жүректен болсын, сонда ғана сәтсіздіктер сізді айналып өтеді.

tories/bliznec.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»bliznec» style=»float: right;» />

ЕГІЗДЕР
21.05-20.06

Бұл аптада сізге күш-қуатыңыз бен ынта-ықыласыңыз, ниеттілегіңіз, сал-ған күш-жігеріңізді біріктіріп жұмыс істететіндей мүмкіндік туады. Сіз жоқтан бар жасаудың мүмкін емес екенін жақсы білесіз және қолыңыздан тынбай жұмыс істеу келеді, бірақ сәттілік егер түрлі құбылыстар, оқиғалардан «үрікпей» тиімді тұстарын көре біліп, батылдықпен оларды өзара үйлестіре білгенде ғана есігіңізді қағатынын еске саламыз. Кездейсоқтықтың бәрі қауіпті емес, қайырлысы да бар, түртіп қойыңыз.


tories/2337315_e47dc246.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»2337315_e47dc246″ style=»float: right;» />

ШАЯН
21.06-22.07

Түйсігіңіз, ақылыңыз не дейді, құлақ салуды жалғастыра беріңіз, бірақ шешім қабылдауды соза беруге болмайды. Жұмыста да, шығармашылықта да өзгелермен бірігіп істеген жұмыс тиімді әрі сәтті болмақ. Сүйіктіңіз, достарыңызбен жан-жалдасу, керісіп қалудың түк те пайдасы жоқ. Жұмыста да дау-шарғыдан алшақ жүрсеңіз дұрыс болар еді.Отбасы қарым-қатынасындағы өзгерістер жемісті болады. Сіздің бұл аптадағы жетістігіңіз өзара қолдау көрсетуге тікелей байланысты.


tories/1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev» style=»float: right;» />

АРЫСТАН
23.07-23.08

Сіздерге не керек өзі! Қандай қажеттіліктерді қанағаттандыру керек? Айқындап алсаңыз, салған күш-қуат, қаржы, уақытыңыз көп күттірмей апта соңында-ақ ақталғалы тұр. Сондықтан да кейінге қалдыруға болмайтын істеріңіз бен қажеттіліктеріңізге қанша қаржы салу керек, шығыны қандай болмақ, басқа да жақтарын әбден қарастырып алыңыз. Кеткенге өкінбеңіз таяу күндерде айтарлықтай кіріс түсіп, болашаққа деген жоспарларыңыздың ауқымы кеңейіп, пайда табу мүмкіндігіңіз арта түседі.


tories/file1328663_ffdb696.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»file1328663_ffdb696″ style=»float: right;» />

БИКЕШ
24.08-23.09

Тағдыр тағы қандай сыйын дайындап отыр? Ойланып жүрсіз бе?Басқалардың, сырт көз, сырт күштің сіздің ынта-ықылас, күш-қуат, біліміңіз бен біліктілігіңіз, тәжірибеңізді бағалауына мүмкіндік беріңіз. Оған бола жүйкені жұқартып, ойлана берудің пайдасы шамалы, одан да қолға түсе бермейтін бос уақытты өзіңізге, денсаулығыңызды түзетуге,болашаққа жоспар жасауға, жұмыс басқа да сізді қызықтыратын салаларда болып жатқан жаңалықтарды зерттеп-зерделеп, өз мүддеңізге пайдаланудың жолдарын қарастырыңыз.

tories/VESYI.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»VESYI» style=»float: right;» />

ТАРАЗЫ
24.09-23.10

«Қозғалыс бұл-өмір және жетістік». Апта бойы осындай ұранмен өмір сүрсеңіз, жаңылыспайсыз. Қай жерде болсын, сәті түсіп тұрса, үндемей қалудың жөні жоқ. Ойыңызды ашық айтыңыз, бастама көтеруден қашпаңыз, күндердің күнінде нақ сіз көтерген бастама жұмыста өзіңізге сәттілік алып келеді. Егер осы аптада сіз өміріңіздің барлық саласында жоспарларыңызды ары қарай дамыта түсу үшін ерінбей керек әрекеттер жасайтын болсаңыз, аяғыңыздан нық тұрасыз.

tories/52cd647d19ded_image1.jpeg» width=»150″ height=»113″ alt=»52cd647d19ded_image1″ style=»float: right;» />

САРЫШАЯН

24.10-21.11

Сезім мен көңіл-күй толқындары бұл аптада басыңызды шырмап алады. Құштарлық пен шиеленістен қандай нәтиже шығарасыз, бұл тек қана сізге байланысты. Дегбірсіздік пен шектен тыс күдік келтіре беруден сақтаныңыз, бұл жөнделуі қиын қателіктердің алдын алады. Сабыр түбі — сары алтын. Осыны естен шығармасаңыз, ұтылмайсыз. Ал, дәл осы кезеңде бас-аяғы жоқ, көңіл-күйім болмай тұр деп «кесіп тастаудың» еш жөні жоқ. «Күйіп» кетуге болады, бірақ жалынының пайдасын көруге тырысыңыз.

tories/zd121224th-1.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»zd121224th-1″ style=»float: right;» />

МЕРГЕН
22.11-22.12

Сізге жеке бас пен қаржы мәселесінде байқампаздық, сақтық танытуға тура келеді. Есеп жасауда қателесуіңіз мүмкін. Қателікке ұрынбау үшін керек-жарақ алу үшін ақша жарату немесе іскер келісімдер жасауда барынша мұқият болып, тиянақтылық танытуға тура келеді. Әсіресе ақша салуда барынша сақтық шараларын қарастырғаныңыз жөн,осы тұрғыда қабылданатын кез-келген шешімді кейінге қалдыра тұрсаңыз дұрыс болар еді.


tories/24240.gif» width=»150″ height=»113″ alt=»24240″ style=»float: right;» />

ТАУЕШКІ
22.12-19.01

Күдіктің бәрін артқа тастаңыз. Осы аптада өміріңіздің белгілі бір кезеңін қорытындылап, зерделеп алсаңыз болады. Көп жағдай өзіңізге мәлім, теріс ойлап қауіп-қатерді шақыра бермей, ойыңызды түзеуге күш салыңыз, төніп тұрған қауіп жоқ. Жоспарларыңызды жүзеге асыруға білек сыбанып кірісе берсеңіз болады. Алдымен жоспардың өзін ой елегінен бір өткізіп нақтылап алыңыз, орындалу тетіктерін қарастырыңыз. Айналаңызға жақсылап қараңыз, мүмкіндік көп, сәттілік сізге.


tories/VESYI.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»VESYI» style=»float: right;» />

СУҚҰЙҒЫШ
20.01-19.02

Атқарған жұмыстарыңыздың бәрін қорытындылай келе, қаржыңызды дұрыс жұмсамағаныңызды байқайсыз. Ісіңізде күтпеген қиындықтар туындауы мүмкін немесе даму қарқыны бұрынғыдай тұрақты емес екендігі көзге шалынады. Ең бастысы еңсеңізді түсірмеңіз, сізге бар болғаны жалпы жағдайға талдау жасап, проблеманың туындау себептерін табу керек.Себеп салдарды жояды, солай емес пе?


tories/article-13896457630.jpg» width=»150″ height=»113″ alt=»article-13896457630″ style=»float: right;» />

БАЛЫҚТАР
20.02-20.03

Атқаратын жұмыстың немесе туындаған проблеманың алдын да әлсіздік танытуыңыз мүмкін. Дегбірсіздікке бой алдырмаңыз, бұл сіздің жұмысыңыздың ғана нәтижесі емес, сондықтан өзіңізді кінәлі санаудың жөні жоқ, жалпы жағдай солай болып тұр. Табандылықтың да, асығыстықтың да керегі жоқ, дәл қазір сабыр сақтаған дұрыс, уақыт өте келе бәрінің себебі табылады. Ол сіздің сүйікті әдетіңіз немесе мінез-құлқыңыздағы таптаурындылық болуы мүмкін. Солай болса қанша қаныңызға сіңіп кетсе де олардан құтылуға барыңызды салыңыз.



Яндекс.Метрика