Wi-Fi-дың зияны бар

       Ғалымдар адамзатқа пайда әкеліп жүрген техникалық прогресс құралдарынан мін іздеуді тоқтатар емес. Назарда интернетпен сымсыз байланыс Wi-Fi желісі.
       Даниялық ғалымдар тобы сымсыз интернетпен байланыс, яғни Wi-Fi-дың адам денсау-лығына әсерін зерттеді. Соңғы жылдары нағыз техникалық жаңалық болып табылатын Wi-Fi-технологиясы өкінішке орай адам ағзасына жаман әсер ете алуы мүмкін болып шықты. Wi-Fi мидағы тамырларға әсер етіп, олардың тартылып, қысылуына әкеледі екен. Ал ол өз кезегінде бас ауруын шақырады.
       Ғалымдар мұндай шешімге мектеп оқушыларына жүргізілген зерттеуден кейін келді. Олар оқушылар ұйқыға жатқанда жастықтарының астына Wi-Fi желісі қосылған смартфондар салып жүрген. Таңмен ғалымдар балалардың денсаулық жағдайын тексеріп, оқушылардан бас ауруды, шашыраңқылықты байқаған.
       Сонымен қатар, үйінде Wi-Fi желісі барлар өзінің бөлме өсімдіктері жайлы ойлануы керек. Өткізілген тәжірибе негізінде Wi-Fi желісі өсімдіктерді құртатыны дәлелдеді. Қосулы Wi-Fi-модемі-мен бір бөлмеде тұрған 6 өсімдік түрі 12 күнде-ақ құрғап, сарғая бастады. 
  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика