ЖЫЛЫТУ ПЕШТЕРІН ПАЙДАЛАНУДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

Шымкент қаласының Бозарық-2 елді мекенінде 2022 жылғы 8 қаңтарда  орын алған өрт туралы хабар сағат 08:11-де келіп түскен. Келіп жеткен өрт сөндіру бөлімдері  Вишневая көшесіндегі орналасқан  жалпы көлемі 15 ш.м  тұрғын үй және жапсарласа соғылған 6 ш.м. бастырма толығымен жанғанын анықтады.

Өрттің жалпы көлемі 21 ш.м. құрады. Өрт сағат 08:42-де оқшауланып, сағат 08:57-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 4 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 20 қызметкер, апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Өрт сөндіру барысында бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты Ойбек Нұрғалиев сыйымдылығы 50 л газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, болуы мүмкін жарылыстың алдын алды.

Шымкент қаласының ТЖ департаменті ескертеді! Жылу беру маусымында өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар! Жеке тұрғын үй секторларында  қатты отынмен жағылатын пештерді және электр жылытқыштарды қолдану кезінде өрт қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударыңыздар!

Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика