АЛ, КӨШБАСШЫЛЫҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

       Көшбасшылық — бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал,  Көшбасшы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көр қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.
       Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:
       · Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен
       · Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер
       · Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді
       Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады.  Көшбасшы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға , жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.
       Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста  өмірілік тәжірибе жинағанда болады.
       Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:
       · «ойыншылар»
       · «ашықтар»
        «Ойыншылар»  сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ.  Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында  өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.
       «Ашықтар»  бұл  ұжым көзқарасымен  әрекет ететін  көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар  ұжыммен шын  қарым-қатынас құрады. «Ашықтар»   қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар   «Ойыншыларға»   қарағанда  аздау болады.

       Бетті дайындаған Ардақ Құлтай

  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика