2022-08-19

Әмияныңыз ұрланған жағдайда не істеу керек?

       Автобуста, вокзал немесе сауда орталықтарында жеке заттарыңызға мұқият болыңыздар деген хабарламаларды жиі кездестіруге болады. Ештеңеге алаңдамауға, мұқият болуға тырысқанмен, әмияннан көз жазып қалатын кездер аз емес. Алайда дүрбелең тудырудың қажеті жоқ, әлі де кеш емес.

tories/tn_188516_124f18490794.jpg» width=»280″ height=»211″ alt=»tn_188516_124f18490794″ style=»float: right;» />

       ӘМИЯНЫҢЫЗДЫ ҰРЛАП ӘКЕТТІ МЕ? ОНДА…

       Әмиянның жоғалғанын білген сәтте байбалам салып, көз жасына ерік беру – табиғи нәрсе. Алайда тез арада жинақталып, кейінгі қадамдарды ойластыруды қолға алыңыз. Заттарыңыздың тым құрығанда бір бөлігін сақтап қалуға тырысыңыз. Ең алдымен алаяқтардың қолына түскен кредиттік картаңызды оқшауландыру үшін сізбен келісімшартқа отырған банкке хабарласыңыз. Кейін банк бөлімшесіне барып картаны қайта қалпына келтіруге өтініш жазасыз. Жаңа кредиттік карта бір-екі аптада дайын болады. Егер кредиттік картаны тез арада қалпына келтіру қажет болса, онда банк мұны ақылы түрде іске асырады.

       ПОЛИЦИЯҒА АРЫЗ ЖАЗЫҢЫЗ

       Арызды ертерек жазсаңыз, әмияныңызды ұрлаған алаяқты табу мүмкіндігі артады. Егер ұрлық клуб, сауда орталығы немесе супермаркетте орын алса, сол аймақта кезекшілігін атқарып жүрген ішкі орган қызметкерлеріне хабарласыңыз – олар әрі қарайғы амалдарды қарастырады. Ал егер полицияға өзіңіз шағымдануды құп көрсеңіз, ұрлық болған ауданның ішкі істер бөліміне барыңыз. Кіріс нөмірі белгіленген арыз көшірмесін және ұрлықтың орын алғандығы жайлы анықтама алып алу артық болмайды. Осы арқылы жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіру жеңілдейді.

      Қаскүнемдер құжаттарыңыз бен карталарыңызды пайдаланып, ал бұған сіз айыпты болып жүрмес үшін полиция жұмысына күмәнмен қарасаңыз да, арыз жазғаныңыз абзал.

       ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

       Әйелдер ақша мен карталардан өзге әмияндарында жүргізуші куәлігі, студенттік билет, жол жүру билеті, дисконттық карталар сынды көптеген басқа заттарын ұстайды. Өкінішке орай, бұлардың кейбірін қайта қалпына келтіру мүмкін емес, бірақ аса маңызды құжаттарды қайтарып ала аласыз. Студенттік билет пен әлеуметтік картаны қайта қалпына келтіру үшін 3х4 суретіңіз бен құжаттарыңыз жоғалғандығы жайлы анықтаманы алып, ЖОО-ның қабылдау комиссиясына барасыз. Онда анкета толтырып, кішігірім баж салығын төлейсіз. Жүргізушілік куәлігін қайта қалпына келтіру үшін медициналық анықтама және жүргізушілік емтихан картасымен Ауданаралық тіркеу-емтихан бөлімшесіне баруыңыз керек. Егер дүкеннің базасында аты-жөніңіз сақтаулы болса, онда жеңілдіктер картасын да қалпына келтіруге болады.

       ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

       Әмияныңызды жоғалтып алу қатерін болдырмау үшін сауда орталықтарында, автобуста сөмкеңізді назарыңыздан тыс қалдырмаңыз. Ілгегі бүлінген сөмкелерді ұстамаңыз, өйткені мұндай бұйым заттарыңызды қорғай алмайды. Барлық карта мен құжаттарыңызды әмиянда ұстамаңыз – кейбірін сөмкенің ішкі қалталарында, ал аса қажет еместерін үйде ұстаңыз. Сонымен қатар бар ақшаңызды әмиянға салмаңыз, кейбірін картада, ал кейбірін басқа жерлерде сақтағаныңыз жөн.

        Дайындаған: Анар Мұстафина



Яндекс.Метрика