2024-07-27

Қыш бұйымдар сәннен шықпайды?…

        Қыш ісі – адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысып келген өте көне өнердің түрі. Қыш құюшылардың өнімдері көпқырлы танымалдылығымен ерекшеленеді. Бүгінде ыдыстың түрі көп,бағасы да әртүрлі,пластмассадан жасалған бұйымдарда кәдеге жарап тұрған уақыт. Бір қолдануға жарамды ыдыстардың бағасы қолжетімді әрі ыңғайлы. Бұл жерде талғам, ыдыстың денсаулыққа әсері туралы тереңдеп айтудың керегі жоқ және бұл қыш ыдыстар соның ішінде алақанның жылуын алған ыдыстар қолданыстан қалды деген де сөз емес.Керісінше сұрнаысы бар ыдыстың бірі осы қолдан жасалған қыш ыдыстар. Бұл жерде енді талғам, денсаулық бірінші кезекке шығады. Сіз қолданып жүрген ыдысыңыздың қайталанбағанын қалайсыз, оның сазбалшық денсаулыққа пайдалы.


      Әрине, Қазақстан нарығында авторлық керамика өнімдері бойынша бәсекелестік байқала қоймайды. Алайда болашақта бұл сала бойынша бәсекелестердің пайда болуы әбден мүмкін. Жоғары сапа, өзіндік стиль, жарнама сауданы өрге бастырады. Сонымен қолыңыздан бұл өнер келеді, енді не істеу керек?

       Бірінші кезекте ғимарат мәселесін шешесіз. Шеберхана ретінде көбінесе үйдің жоғарғы бөлігіндегі адам тұрмайтын орнын немесе тұрғын үйдің жертөлесін қолдануға боладыГаражды да шеберхана етуге немесе цехтағы кішігірім орынды жалға алуға болады.

tories/keramuka_07.jpg» width=»250″ height=»166″ alt=»keramuka_07″ style=»margin-top: 5px; margin-right: 5px; margin-left: 15px; float: right;» />

       Керек құралдар. Қышшы шеңбері – ең басты құрал. Оның пайда болғанына 7 мың жылдай уақыт болды.  Сол уақыттан бері оны қолдану әдісі еш өзгермеген. Қыш шеңбері – бұл икемді материалдан (ағаш, пластик, тас, металл, т.б.) жасалған, астынан оське бекітілген кішігірім диск. Осьтің екінші жағында дискінің айналымын жүзеге асыратын арнайы құрылым бар. Алғашқы қыш шеңберлері қолмен жұмыс жасауға арналған. Одан кейін пышақты түрлері пайда болды. Олар шебердің екі қолын жұмыс үшін босататындықтан алғашқыларға қарағанда ыңғайлырақ. Қазіргі қыш шеңберлерінің көбісі электрлік болып келеді. Олар ыңғайлы әрі қолөнершінің жұмысын жеңілдетеді.

       Технология. Алдымен сазбалшық араластырылады. Әр өнімге түрлі сорт керек: ақ, қызыл, құм араласқан, т.б. Одан кейін оны тең бөліктерге бөліп, қыш шеңберіне, жабыстыру тақтасына немесе формаларға салады. Бұйым белгілі бір алғашқы қалпына келіп, аздап кепкеннен кейін, оны пешке салады. Пешке салар алдындағы жабыстыру сапасы мен кебуіне қарап, дайын өнімнің бүліну деңгейін анықтауға болады. Орташа есеппен ол 20-30% құрайды, алайда бастапқы кезде 60% құрай алады.

       Бір құмыраны дайындау үшін 1-2 сағат кетеді: есу – 10 мин., жабыстыру – 7-10 мин., ал қалған уақыт күйдіруге жұмсалады.

      Cату. Стандартты өнімдерге кішігірім сатушылардың сұранысы жоғары. Кішігірім кәдесый дүкендері басшыларымен келісуге болады.

   Қыш бұйымдарын тапсырыс бойынша да жасауға болады. Мысалы, жарнамалық кәдесыйлар (тоңазытқышқа арналған магниттер, кеңсе заттарын қойғыштар, т.б.), интерьерді безендіру. Кеңселерді немесе сауда орталықтарын әдемі гүлге арналған құмыралармен безендіру, қыштан жасалған картиналар ілу мен фотосуреттерді қолдан жасалған рамкаларға орналастыру бүгінде үлкен сұранысқа ие. Интерьеріңіз ерекше қайталанбас көрініске ие болады.

     Сонымен қатар, мейрамханалар, дәмханалар, қонақ үйлер мен ыдыс дүкендеріне де барып көруіңізге болады.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:

қыш шеңбері (электрлік) – 150 000 теңге.

жарнама – 3 000 теңге.

оқу (курстар) – 35 000 теңге.

саз балшық (12 кг/қорап) – 3 000 теңге.

Барлығы: 191 000 теңге.

Табыс:

қыш құмыра құны – көлемі мен формасына байланысты 500-5000 теңге аралығында.

— ерекше дизайнмен жасалған қыш құмыраның құны –  3 000 теңге.

— магнит –  200 теңге.

— жеке тапсырыс бойынша магнит – 500 теңге.

— фотосуреттерге арналған рамка – 400 теңге.

— жеке тапсырыс бойынша фотосуреттерге арналған рамка – 1 000 теңге.

        Бір қыш құмыраны дайындаудың уақыты  – 2 сағат. Күніне 8 сағат жұмыс жасасаңыз, орташа көлемді 4 құмыра жасай аласыз x 3 000 теңге = 12 000 теңге x 24 күн = 288 000 теңге. Сіздің ай сайынғы табысыңыз 300 000 теңгені құрай алады.


Яндекс.Метрика