2024-07-27

Сүтті қалай сақтаймыз?

tories/icarr6dap.jpg» width=»242″ height=»193″ />       Қазір дүкен сөрелерінде тұрған кейбір сүт өнімдерінің 100 пайыз жасанды екені, зауыттан шыққан сүт өнімдерінің адам ағзасына зияндылығы туралы көп айтылып жүр. Табиғи сүт асып кетсе 3-4 күн ғана сақталады. Сосын ашып кетеді. Ал сауда нүктелеріндегі «табиғи сүт» белгілі бір температурада 6 айға дейін сақталады екен. Мамандардың айтуынша, асептикалық қорапта сақталатын өнімге антибиотиктер сіңірілуі мүмкін немесе ол залалсыздандырылатын заттармен байытылады. Мұндай қорапта көп сақталған сүт өнімдері адам ағзасына өте қауіпті азыққа айналып кетуі мүмкін. Айран мен йогурт 0 және -1 градуста көп сақталса, оның құрамындағы тірі микроағзалар өмір сүре алмайды.

       Мамандардың айтуынша, бірнеше айлар бойы бүлінбейтін тетрапакеттердегі сүтті сақтаудың сыры қарапайым: өндірушілер сүттің бір тоннасына химиялық күшті калий сорбатының үш грамын қосса, ол мұздатқыш камераларды қолданбай-ақ бір жыл бойы сақталады. Химикаттардың үлкен мөлшерінің адамның денсаулығы, қоғам үшін қандай әсер ететіні ешкімді ойландырмайды. Оған сүттің дәмдік сапасын қосыңыз, сүтті табиғи қалпына келтіру үшін ароматизаторлар, қоюлатқыштар, бояулар және т.б. қосылады.

Бейсенкүл Нарымбетова.

Бетті дайындаған: Нұрлан ӘЛІМБАЕВ.

Сурет: bonduelle.kz сайтынан алынды.

{jcomments on}



Яндекс.Метрика