ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

tories/zodiak_oven1-300×225.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»zodiak_oven1-300×225″ style=»float: right;» />

ТОҚТЫ
21.03-20.04

Сізді қалыптасқан жағдай әбден қанағаттандырады, десе де әр кезде «ерлік» істеуге бір иығыңызды беріп тұрасыз. Жеке басыңыздың тыныштығын сақтағыңыз келсе, жедел түрде тәртіпке бойұсыныңыз, ішкі түйсік пен қорғаныс қабілетіне құлақ аспай кейінге ысырып қойғаныңыз бекершілік болған,кеңесіне жүгінсеңіз ойға алған барлық істеріңіз жүзеге асатындай мүмкіндік алады.


tories/1701350.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»1701350″ style=»float: right;» />

ТОРПАҚ
21.04-20.05

Барлық ахуал сіз үшін өте қолайлы жағдайда қалыптасып отыр. Сондықтан да өзіңізге аздап демалыс жариялап алсаңыз болады. Жұмыстарыңыздың бәрі көз қырыңызды сала жүргеніңізді талап еткені болмаса, қалыптасып қалған тәртіп бойынша жалғаса береді. Ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз, күш-қуатыңызды сарқып жұмсасаңыз кейін сіз ғана шешетін мәселелерді кім шешіп, міндеттеріңізді кім атқаратын болады?!


tories/bliznec.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»bliznec» style=»float: right;» />

ЕГІЗДЕР
21.05-20.06

Қажет болған жағдайда заман тынысын дөп басып абыроймен қызмет етіп, өзіңізді көрсете алатын сіз үшін асыл мұрат-мақсатыңыздың орындалуына қолайлы жағдай туып тұр. Бәрін кейінге қалдыра бермей, іске осы аптадан бастап-ақ кірісе беріңіз, ол үшін материалдық та, моральдық та қолдау табасыз. Немен айналысасыз, қолда барды қалай жұмсайсыз — бұл сіздің шаруаңыз.


tories/rak2_590_315_jpg.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»rak2_590_315_jpg» style=»float: right;» />

ШАЯН
21.06-22.07

Бұл аптада қандай іске қол ұрмаңыз бәрі де сәтті болады және сіз маңайыңызға керек күшті шебер үйлестіріп, маза бермей жүрген бұрын бастаған жобаларыңыз немесе істеріңізді аяқтап тастау туралы шешім қабылдайсыз. Сөйтесіз де сіз үшін қымбат жан немесе қымбат әріптес, серіктестеріңіздің алдында жүзіңіз жарқырап шыға келеді. Тұрақсыздық жәймен жүйелі жұмысқа орнын беріп діттегеніңізге жетесіз. Мейлі ол жеке шаруаңыз болсын, мейлі қаржыға қатысты болсын.

tories/1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»1272015314_xarakteristika_znaka_zodiaka_lev» style=»float: right;» />

АРЫСТАН
23.07-23.08

Егер өзіңізге-өзіңіз жасап алмасаңыз, бұл кезеңде жолыңыздан кедергі шыға қоймайды. Жұмысыңыз немесе жоспарларыңыз одан әрі дами түссін десеңіз, бар болғаны серіктес таңдағанда сақтық танытыңыз, ал егер келісім-шарттарға қол қоятындай жағдай болып қалса, әр сөйлемін мұқият тексеріп шығыңыз, ерінбеңіз, уақытыңызды үнемдеудің де керегі жоқ.


tories/1111ages.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»1111ages» style=»float: right;» />

БИКЕШ
24.08-23.09

Сізге ішкі Меніңіздің талаптары мен тілектеріне мұқият, зер сала қарауға тура келеді. Оның жасампаз күштері сіз оны мойындағанда ғана ұлы емес, осы есіңізде болсын. Кішкене шыдамдылық танытыңыз, көңіл-күйге ерік беріп, ашу-ызаға бой алдырып қоймаңыз. Сөзге абай, істе ұстамды болу жеке өміріңізде де, жұмыста да жетістікке жетуге көмектесетін болады.


tories/veci2012-300×225.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»veci2012-300×225″ style=»float: right;» />

ТАРАЗЫ
24.09-23.10

Сізе көмек керек болады, осындай жағдай туындап қалуы әбден мүмкін. Егер айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсы болса бұл айтарлықтай қиындық туғыза қоймайды. Басыңызға не түспесін достарыңыз, әріптестеріңіз, туыстарыңыз қолдарынан келгенше жәрдем беріп, қолдау көрсетеді. Мәселені шешіп тастау үшін керек кезінде таптырмас кеңес беретін тәжірибелі жандар да жаныңыздан табылады.


tories/skorpi_2012.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»skorpi_2012″ style=»float: right;» />

САРЫШАЯН
24.10-21.11

Сөйлегенде де, жұмыста да асығыстыққа ерік берудің керегі жоқ. Шаруаңыздың да, отбасының да берекесін кетіріп аласыз. Басы бар аяғы жоқ жұмыстың кімге керегі бола қояды дейсіз?! Айналаңызда болып жатқанның бәрін, жұмысыңызға жасалып жатқан кедергілерді зерттеңіз, талдаңыз, кемшілігін табыңыз, бұған уақытыңыз жетеді. Бұл аптада жемісті жұмыс істеу үшін керек-жарақты жасап алуға арнасаңыз, ұтылмайсыз.


tories/strelec_590_315_jpg.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»strelec_590_315_jpg» style=»float: right;» />

МЕРГЕН
22.11-22.12

Абыржымаңыз, күш-қуатыңыз бұрын бастаған істеріңізді аяқтауға да, жаңа істерді қатар алып жүруге де жетеді. Дағдарысты сәттер өтпелі кезеңнің көрінісі ғана. Өтеді, кетеді. Сізден талап етілетін болатынды сабырмен күтіп алу және не істеу керек соны жүзеге асыру. Қандай ауыр іс болмасын сізге тек қана жеңіс әкеліп, материалдық жағдайыңызды көтере түседі, жеке өмірде де солай.


tories/24240.gif» width=»130″ height=»98″ alt=»24240″ style=»float: right;» />ТАУЕШКІ

22.12-19.01

Таңдау мүмкіндігін туғызу үшін,оны тудыратындай жағдай жасау керек. Сондықтан да алдағы аптаның сіз үшін әзірлеп отырған қолайлы сәттерін тиімді пайдаланып, жаныңызға батқан мәселелерді жілік-жілікке бөліп қарастырыңыз, жеке, материалдық жағына назар аударыңыз. Өзіңіздің күш-қуатыңыз бен ынта-жігеріңізге сенімді болғанда ғана барып жарқын болашағыңыздың негізін қалайтын іспен айналысуға кіріссеңіз болады.

tories/—2013—.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»—2013—» style=»float: right;» />

СУҚҰЙҒЫШ
20.01-19.02

Түрлі құпия құбылыстар, тәуекелі көп жұмыстар, экстримальді жағдайлардан аулақ жүріңіз. Олардың болу, кезігу ықтималдығы жоғары. Жалпы алғанда қоғамдағы, ортадағы жағдайыңыз жақсара түседі, абыройлы, ықпалды адамдармен достық қарым-қатынас орнататындай мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз. Алға қойған мақсатыңызға дау-жанжалсыз, қаржы шығынысыз жете аласыз, бұл сіздің қолыңыздан келеді.


tories/38960332.jpg» width=»130″ height=»98″ alt=»38960332″ style=»float: right;» />

БАЛЫҚТАР
20.02-20.03

Отбасында да, жұмыста да күрес, қайшылықсыз өмір сүруге болады. Бейбіт, тыныш өмір. Керемет емес пе? Әрине бәрінен бір мезетте бас тартып, қалдыра салу мүмкін емес, десе де бір апта өзіңізге демалыс жариялауға болады ғой, мұның сіз үшін тек қана пайдасы бар. Денсаулығыңызға көңіл бөлесіз, миы-ңыз тынығып, ойларыңызды тәртіпке келтіресіз, жұмыстарыңызды да. Көп нәрсеге басқа көзқараспен қарауыңыз әбден мүмкін. Келісесіз ғой.









Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика