Саулығымыз саусақтан да белгілі

tories/-.jpg» width=»300″ height=»169″ alt=»-» style=»float: right;» />

        Көзге, қолға, алақан мен саусақтағы өзгерістерге қарап та денсаулығыңыздағы өзгерістерді анықтауға болады. Емшісі, дәрігер болсын, жалпы көзіқарақты шипагер қауымның кәдеге жаратып жүрген бұл белгілері қалай, қайсысы қандай «хабар айтады», зер салып көрейік.

        Қолыңыз қысы-жазы бір жылымайтын болса онда аяқ-қолдағы қан айналымының бұзылғаны.
        Қос алақаныңыз шоққа қақтағандай үнемі лапылдап, қызып жүрсе бауырдың уытқа қарсы «қайратының» кеми бастағаны.
        Алақаныңыз қарадан-қарап тершіп, дымданып, әйтпесе құрғап, бозарып жүрсе қалқанша без жұмысындағы ақаудың салдары.
        Қолыңыздың терісі ақ жарғақтанып, сыдырылып түсе бастаса тәніңізде А дәрумені мен D дәруменінің тапшы болғаны.
        Шынашағыңыз ауық-ауық жансызданып қалғандай сезілетін болса, жүрек-қан тамыры жүйеңізде ақау бар.
        Ауық-ауық жансыздану үлкен саусақтардан байқалса, тыныс жолындағы кеселдің хабаршысы.
       Саусақтың ең төменгі, яғни алақанға ұштасқан тұсындағы буынға терең, көлбеу әжімдер түссе сусамырға (қант құрамының артықтығына) шалдығуыңыз ғажап емес.
        Саусақтарыңыздың ұшы қан қызыл түске енсе бауыр мен бүйректегі кеселді аңғартады.
       Оң қолдағы сұқ саусақ ұшының екі қапталы дуылдап қыши берсе, тоқ ішегіңізді бір тексертіп алыңыз.
       Сұқ саусақтың ішкі жағы ақжар-ғақтанып терісі түлей берсе өт қалта-сы жұмысының бұзылғаны.
       Қолыңыз қимылдағанда білегіңіз сықырласа калций тапшылығының белгісі. Алақан мен саусақтағы бұл өзгерістер, әрине, ауруыңызды өзіңіз анықтап, өзіңіз ем іздеуіңіз үшін емес, десе де, дәрігерге көрініп, тексерілуіңізге нақты себептің болғанын аңғартады.
Дайындаған: Сұңқар АҚБОЗ.

  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика