Сен мені түсінші…

tories/Lyubovq_dlya_detey.jpg» width=»200″ height=»203″ alt=»Lyubovq_dlya_detey» style=»float: right;» />

        Өзін «бәрін түсінемін» дейтін адам әлі бәрін дұрыс түсінбейді.
       Әйелдер мен ер адамдар бірін-бірі түсінуінің қажеті шамалы. Өмірдің қызығы – олардың бірін-бірі түсінбеуінде… 
      Сен өскен сайын адамдарды жақыннан тани бастайсың. Оны адамдардың өзгеріп кетуіне жаба салма!
      Әркім әлемді өзінше түсінеді.
      Шындықты екі не үш түрлі түсінуге болады. Өйткені бәрі бірдей ойлай бермейді.
      Шындық – үш жүзі бар қылыш: біреуі – сенікі, екіншісі – оныкі, үшіншісі – нағыз шындық.
     Өзгелерді шын түсіну өзіңді түсінуге үнемі кедергі келтіреді.
     Әйел адамның логикасы емес, оны түсіне алмайтын ер адамның ойлау жүйесі басқаша.
     Кешірім сұрау – кешіре салудан оңай емес… Түсіну және аяу – ренжітуден де қиын. 
     Ол сенен түсінуіңді өтінді. Сен «жарайды» дедің. Бірақ, мойындашы, сен бәрібір оны түсіне алмадың ғой? 
     Адамның жаны күн секілді: өз нұрыңды өзгелерге шашқан сайын сен одан әрі нұрлана түсесің. 
     Адамның ағы мен қарасы жоқ, олар ала болады.
     Егер сен бұрын соңды бейтаныс болған адаммен танысуға бара жатсаң, оған дейін ол жайлы естігеніңнің бәрін ұмыт. Әйтпесе өз ойың мен өзгенің ойы миыңда былығып, адам тани алмай қаласың. Бастысы – өз бойыңдағы адам тани алатын қасиетіңе сен.
     Көп ренжіткенді емес, көпті кешіргенді кешір.
 
Дайындаған: Ақерке ӘБІЛХАН.
  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика