2024-07-27

2 ДАНА ТЕМЕКІНІҢ ҚҰНЫ 1 ДАНА НАННЫҢ ҚҰНЫНА ТЕҢ

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>2 дана темекінің құны

tom: 0.0001pt; text-align: center;»>1 дана нанның құнына тең

tom: 0.0001pt; text-align: center;»> 

tom: 0.0001pt; text-indent: 22.7pt;»>tories/1358337071.jpg» width=»450″ height=»259″ alt=»1358337071″ style=»display: block; margin-left: auto; margin-right: auto; float: left;» />

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Дағдарыс.Үнем туралы үлкен мінберлерден айтылып жатыр. Біз сөйлеуге шеберміз. Алдағы болатын ұымбатшылық туралы үйде дастархан басында, жұмыста, көшеде, аялдамада тұрғанда айта береміз. Келетін қымбатшылық імндетті түрде келеді, соның кесір отбасы бюджетін жырым-жырым етпеу үшін не істеу керек? Осы туралы ойланып жүрміз бе? Үнемді неден бастау керек?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Біз күнелікті тұтыну заттарының ішінен темекіні алып тастауды ұсынар едік. Шылымқор әрбір отбасынан табылады десек артық айтқандық емес. Әдетте, темекі шегуді жағымсыз әдеттердің есебіне кіргіземіз де қоямыз. Шын мәнінде солай ма?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»>Әлемді жаулап алған пайдасы алдамшы, зияны шашетектен келетін түтінді шөп қайдан пайда болды?

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»> 

tom: 0.0001pt; text-align: center; text-indent: 22.7pt;»>Темекі есірткінің қатарына жатады

tom: 0.0001pt; text-align: justify; text-indent: 22.7pt;»> 

Есірткінің қатарына жататын темекі Еуропа мен Азияға XV ғасырда келе бастаған. 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз арал қазіргі Американың жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынған екен. Қонақтарға ұсынылған бүктеулі жапырақ «петум» деп аталған. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан кейін бүкіл жер бетіне тарай бастаған.

 

Темекінің алдамшы пайдасы

 

Тісің аурыса темекі шек. Темекі шегіп едім, тісімнің ауырғаны басылып қалды. Осындай әңгімелерді естіп қалып жатамыз. Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген. Мына ақпаратты қараңыз… Темекінің зияндығын ескермеген адамзат алғашында оны тіс ауруына қарсы ем ретінде қолданған екен. Темекі тістегі жүйке талшықтарын уақытша болса да тыныштандырады. Оның  есірткі қатарына жатқызылуы тегіннен-тегін емес.

 

Темекіге әуестену өлімге апарар жолдың бір себепшісі

 

Темекі тарту әлемнің түкпір-түкпірінде талайдың соңғы деміне себепші болып отыр. Оған мыңдап мысалдар келтіруге болады. Түрлі аурулар мен ісіктердің бастамасы да осы темекінің кесірінен болады. Ол да дәлелденген дүние. Темекіге әуестену өлімге апарар жолдың бір себепшісі. Әрбір тартылған шылым өміріңізді 15 минутқа қысқартады екен. Әлемде 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам , ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады екен. Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет өткен флюрографиямен тең. Оның қаншалықты зиян екендігін осыдан аңғара беріңіз.

Осының бәрін біле тұра сіз темекіге тәуелдісіз. Жауды басқа жақтан іздемеңіз, өзіңізге-өзіңіз қастандық ұйымдастырып жүрсіз. Ашығын айтқанда, Сіз өзіңізді өлімге сүйрелеп жатырсыз. Осы туралы ойланып көріңізші.

Шылым шегу есте сақтау қабілетін азайтады, көңілсіздікке душар етеді, ұйқыны азайтады, теріге әжім түсіреді. Бұл да маңызды!

 

Өзгенің де жауысыз

 

Сіз темекі шегу арқылы өзіңізге ғана емес өзгелерге де зиян келтіресіз. Шылымды тарттыңыз, құмарыңыз қанды, одан кейін шоқ күйінде аңдаусыз лақтыра салдыңыз да кете бардыңыз. Артынша сол тұқыл  тез тұтанғыш затқа тиіп өртеніп кетуі де мүмкін ғой. Орман және дала өрттерінің шығуына көбіне темекі тұқылы себеп болып жатады.  Ендеше, Сіздің бір ғана шылымыңыздан бүтіндей бір орманның өртенуі ғажап емес.

 

Темекі ардан да биік тұра ма?

 

Күнделікті өмірде, көшеде көшіп бара жатып ер азаматтардың темекі сұрап немесе темекіні тұтандыру үшін сіріңке сұрап қалып жататынын жиі аңғарамыз, мейлі ол бейтаныс болса да… Сол азаматтар біреудің үйіне барып қарызға нан сұрай алады ма екен. Немесе көшеде қайыр сұрауға келісе ме?… Жоқ, әрине. Арынан аса алмайды. Ар-намыс шығады алғашқы қатарға. Ал, темекіге келгенде…

Болмай жатса қажеттіліктен жаныңдағы адамнан қаламсап сұрап жаза қоямыз ғой дегіңіз келетін шығар. Қаламсап зат және оны игілікке жұмсайсыз, ал, темекі құмарлықтың құралы одан сіз де, айналағыздағы адам да пайда таппайды. Сондықтан да бұл ардың мәселесі бола алады.

 

Қалтаңыздың жайы немесе үнем туралы

 

Басқасын айтпағанда темекіге жұмсайтын қаражатыңыз қалтаңызға едеуір шығын келтіреді. Темекі тұтына жүріп, құны тиын-тебен ғана көрінгенімен,  аз ғана уақыт аралығында қаншама қаражатыңыздан қағылғаныңызды аңғармай да қаласыз. Егер жиырма жыл темекі шексеңіз ортаңқол бір автокөлікті жағып жібердіңіз деген сөз. Егер мініп жүрсеңіз қалай жарасар еді. Оның үстіне табысыңыздың бір бөлігі зиянды нәрсеге жұмсалады. Осы маңызды.

P.S  Сіз темекі сатып аларда нанға ақша таппай жүрген жандарды бір мезет ойлап көріңізші… Бар болғаны 2 дана темекінің құны 1 дана нанның құнына тең екен. Тіпті, асыпта кетеді. Асқазаныңыз аштықпен арпалысқан уақытта қайсысы маңыздырақ?! Ойланыңыз…

Ал, темекі қорабы сыртында оның зияндылығын көрсетіп  сызылған крестке назар да аудармаңыз. Бұл жарнаманың нағыз өзі.

 Жарылқасын Үсентаев

Яндекс.Метрика