Кроссворд адам миын 10 жылға жасартады

        Кросвордтар мен өзге де басқатырғыштарды шешу қариялардың миын он жылға дейін жасартатын көрінеді. Мұндай қорытындыны Балтимордағы Джон Хопкинс университетінің ғалым-дары ұзақ зерттеуден кейін жариялады. 
       Жалпы, ғалымдар бұған дейін де ми жаттығулары қарттар үшін пайдалы екен-дігін айтып келеді. Бұл ретте ең тиімді құрал — кроссворд шешу дейді олар.
       Ғалымдардың зерттеуіне 2800 ерікті азамат қатысқан. Олардың жасы орта есеппен 74-ті құрайды. Қатысушылардың барлығы төрт топқа бөлінген. Алғашқы-лары мидағы ақпаратты өңдеу жылдамдығымен айналысса, екінші топ — есте сақтау, үшінші топ — ойлану қабілеті және төртінші топ ешнәрсемен айналыспай, жай қарап отырған.
       Төрт топ 60-70 сағаттық 10 дәріске қатысты (5-6 апта көлемінде). Мұнан кейін 10 жыл бойы ғалымдар осы азаматтардың миын зерттеумен айналысып келді.
Нәтижесінде, миымен жұмыс істеген қатысушылардың 60 пайызы күнделікті тапсырмаларды орындауда еш қиындық көрмейтіндігін айтқан. 
       Ғалымдар болса адам миының 10 жыл бұрынғы деңгейде сақталғандығына таңданып отыр. Демек миды жаттықтырған адам ерте алжымайды дейді олар. 
      Сондықтан да “Қызмет” газеті осы санынан бастап жүйелі түрде «басқатырғыштар» жариялауды дұрыс деп тапты. Оны соңғы беттен табасыз.
  • Related Posts

    ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІН ОНЛАЙН АУЫСТЫРУҒА БОЛАДЫ

    Қазіргі таңда жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы Шымкент қалалық филиалының өкілдері осылай деп еске салады. Бұл…

    Қалалықтардың құқықтық сауаттылығын көтеру жолы талқыланды

    Шымкенттегі  А.С.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында «Адам саудасы және оның алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Мақсаты — адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика