2024-07-27

Қалтамда неге басы артық қаржы жүрмейді?

       Кейде осылай ойлауға мәжбүрлейтін сәттерде болады. Неге анау бай-бақуатты, мен жарымай жүремін. Әйтпесе, істейтін  жұмысымыз бірдей, білімімізде қарайлас… Неге, неге?tories/images_1.jpg» width=»250″ height=»153″ alt=»images_1″ style=»float: right;» />
       Себебі:
       Сіз басқалардың автокөлігіңізге қалай қарайтынына өте көңіл бөлесіз
       Автокөлік сізді бір жерден екінші нүктеге жеткізетін қатынас құралы ғана. Дегенмен көптеген адам автокөлікті бақуаттылықтың бір белгісі деп қарап, көлік үшін жыл аралатпай қыруар ақша жұмсайды. Көнерген көліктерді жүргізе тұрып, үнемдеп қалған ақшаны қаржы қосуға жұмсамайды. Расында, автокөлік бір мысал ғана. Сіз киім-кешек, азық-түлік, тұрғын үй жабдықтары басқа дүниелерді басқалардың көңілі  немесе абырой бедел үшін «бөрі арығын білдірмес» деген ұстаныммен жинап жүрсеңіз, мүлде қор жинай алмайсыз.
       Үнемі жақсы күн көруім керек деп қарайсыз
       Егер сіз басқалардан ерекше тұрмыс кешемін десеңіз, сөзсіз, ерекше нәрселеріңіз болуы, және оған сөз жоқ, белгілі мөлшерде ақша жұмсауыңыз керек. Егер бұлай істеуге әл-ауқатыңыз жетпесе, қарыз аласыз да «әлін білмеген әлектің» күйіне түсесіз. Көп қарыздың ісіңізге ықпалын тигізуі мүмкін, бірақ байлық жинай алмайсыз.
       Қазына жию әдісіңізде жаңалық жоқ
      «Бес саусақты ауызға бірақ салуға болмайды». Бұл байлық жиюға қатысты ең көне, ең құнды сөз. Қаржы қосу арнасын көбейткенде ғана, байлығыңыздың зым-зия жоғалуынан сақтануға болады.
       Мезгілін өткізіп аласыз
       Қаржы қосып қазына жиюда «қабаттама өсім» деген сөз бар. Егер сіз үнемі ақша жиюға және оның қорын көбейтуге әлі де уақытым бар деп қарасаңыз, күндердің бірінде зейнетке шығатын уақыттың алыс емес екенін, ал есебіңізде мардымды ештеме жоқ екенін байқайсыз .
       Қызметіңізді ұнатпайсыз
       Қызметіңіз, ойыңыздағыдай болмаса да, ұнатуыңыз керек. Егер ұнатпаған қызметіңізді ақша үшін атқарсаңыз, болашақта барлық ақшаңызды осы ұнатпаған қызмет тудырған қысымды, зардапты жеңілдету үшін жұмсайтын боласыз.
       Үйренуге зауқыңыз соқпайды
       Сіз «университет бітірген соң болды, енді оқудың қажеті жоқ» деп ойлауыңыз мүмкін, осы ойыңызбен бір қызметті ұстап қалуыңыз да ғажап емес, бірақ мәңгі бай бола алмайсыз. Егер бай болғыңыз келсе, түрлі білімдерді белсене үйреніп, қызмет сапаңызды жоғарылатуыңыз керек. Қазына жию үшін де білім керек.
       Үнемі өзіңізге мүлде қажеті жоқ нәрселерді сатып аласыз
       Үйіңізде, киім шкафыңызда, автокөлік тұрағында бір жылдан бері кәдеге аспай тұрған қандай заттар бар, қарап көріңіз. Егер бар болса, бір кезде сатып алған бұл заттар дәулетіңізді арттыра түсетін ақшаны ұстап тұрған жоқ па, ойланыңыз.
       Құнның не екенін түсіне бермейсіз
      Сіз түрлі себептермен көп нәрселерді сатып аласыз, алайда өзіңізге қандай пайдасы барлығын мүлде біле бермейсіз. Мұндай жағдайлар тек ең қымбат нәрселерді алатын адамдарда ғана емес,  арзан нәрселерді ғана алатын адамдар арасында да кездеседі. Керек, пайдалы, тиімді, құнды затты сатып алуды үйренгеніңіз,сонда ғана басы артық қаржы пайда болады.
       Үйіңіз өте үлкен
       Егер сіз экономикалық жағдайыңыз көтермейтін үйді сатып алған болсаңыз, ұзақ уақыт қарыз қайтарасыз, көп салық төлейсіз, үйді жөндеуге қаражат жұмсайсыз, оған сай жиһаз аласыз… Осылай өзіңізден үйіңіздің жағдайы бірінші кезекке шығып кетеді тапқаныңызды «жұта» береді. Көп адамдар үйдің құны жоғарылап отыратындықтан, оны дұрыс инвестиция санайды. Бұл егер сіз үй сатуға шебер болсаңыз ғана осылай. 
       Орайы келген істі жіберіп аласыз
       Сіз қатарлылар бақуатты, біліміңіз жағдайыңыз бірдей еді, оның тасы қалай өрге домалап кетті деп ойланатын сәттеріңіз болып тұрады. Шынында неге? Ол істегенді сіз де істей аласыз…
       Мынаған назар аударыңыз, сіз жалпы істің көзін таба аласыз ба, сізде өзіңізге деген нық сенім, табандылық қасиеті бар ма? 
Дайындаған: Сұңқар АҚБОЗ.

Яндекс.Метрика