2024-07-27

Қыс кезінде тоңбаудың амалдары

       Ол үшін:
       Ең бастысы, таңғы ас туралы ұмытпаңыз
· және ыстық сүт немесе шай ішіңіз.
· Жиі тамақтаныңыз, суық күнде аш қалып ағзаңызға күш түсіріп алмаңыз.
· Күніне кем дегенде 2 мәрте ыстық тамақ ішіңіз. Денеңіз аз күш жұмсап, тамақ қорытылғанша тоңбайды. 
       Жеміс жидек пен көкөніс туралы ұмытпаңыз
       Күніне 2 мәрте жеміс — жидек пен көкөніс жесеңіз, иммунитетіңіз түсіп, дәрумен жетіспеушілік болмайды. Дәрумендер мен минералды заттар асқорыту жүйесін реттейді. Егер ағзаңызды дәруменмен толықтырмасаңыз, денеде май жиналып, оның толуына әкеліп соқтырады. Сізге қымбат жеміс-жидек пен көкөністі алу міндетті емес, мұздатылған жеміс-жидек алуға болады.
       Сымбатты болғыңыз келе ме? Дәмдеуіштерді қолданыңыз
       Дәмдеуіштер қан айналымын реттейді, сол сияқты бактерияны жойып, суықтан қорғайды. Зат алмасуды жақсартып, асқорытуды реттейді және сымбатты етеді. Дәмдеуіштерді сорпаға, тұздыққа, етке және балыққа бұрыштың барлық түріне қосуға болады – хош иісті бұрыш, лавр жапырағы, ұнтақталған ащы бұрыш, гүлшетен, зімбір және дәм қабық.
       Сорпаны таңдаңыз
       Сорпа артық салмақ қоспайды, керісінше кұрамында көп су болғандықтан, арықтатады. Олар дәмді көкөністерден жасалып, бойды жылытады, ал дәмдеуіш жылудың әсерін көбейтеді. Еттен жасалынған сорпа тойымды және дәмді болады, оның калориясы да көп емес. 1 кесе сорпада 100 ккал, 5% аз көлемде калория. 
       Майлы тамақ жемеңіз
       Майлы тағамдар жылу береді деген қате пікір. Май жүйке жүйесі, ішкі ор-гандар, гормондарды реттеу үшін қажет.
Бойыңызды жылыту үшін, спиртті ішімдікті пайдаланбаңыз
Әсіресе ашқарынға ішуге болмайды. Кішкене спирттік ішімдіктің өзінен ыстығыңыз көтеріледі, бірақ ол суықта тез тарап, масайып қаласыз. Жылы жерден далаға аязға шыққанда, бойыңыз дірілдейді. Спирттік ішімдік жүйке жүйесін жұқартып, суықты бойыңызда ұстайды.
       Рахаттана күліңіз
       Күлген кезде, тыныс алу мүшелері 3 есе жақсырақ жұмыс істейді, Денеңіз оттегіні көбірек алып, иммунитет жүйесінің қызметі артады. Сонымен қатар, дем ала біліңіз. Иммунитет жүйесі жүйке жүйесімен тығыз байланысты екенін білген дұрыс. Қиын жағдайларда ағзада «есеңгіреу гормондары» пайда болады. Ұзақ мерзімді есеңгіреу жұқпалы аурулармен күресетін клеткаларға әсер ете бастайды. Біз, әрине, мұндай жағдайлардан құтыла алмасақ та, олардың болмауын және алдын алу жолдарын білеміз. Қалай? Мысалы, йога жаттығуларымен айналысу, фильм көру, айғайлау, тамақ пісіру, еден жуу, ән тыңдау арқылы.
       Шынығыңыз
       Күнделікті дене жұмыстары вакцина ретінде қабылдануы тиісті. Алайда, оларды тиімді пайдалану керек. Талдырма емі кейде кері әсерін тигізеді.
Үйіңізді жиі желдетіп отырыңыз. Ашық тереземен ұйықтаңыз.
       Иммунитетті көтеретін дәрумендер мен микроэлементтер:
· Мыс – иммундық жүйені реттейді. Ол жаңғақта, асқабақта, шоколадта бар.
· Цинк – оның көмегімен ми сүйегінде ақ түстес клеткалар пайда болады. Олар лимфоциттердің шығарылуында қызмет ететін темірге жауап береді. Бұл дәруменді теңіз тағамдарынан, ет пен бұршақтан табуға болады.
· А дәрумені – қанда аз болса, тимус қысқарып, ақ түстес қан клеткаларының азаюына әкеліп соғады. А дәрумені етте (әсіресе бауырда), қаймақта, ірімшікте көп.
· Фоли қышқылы – ми сүйегінде ақ түстес қан клеткаларының бөлінуін бақылайды. Ол атбұршағында, көк шөп көкөністерінде өте көп.
· Е дәрумені – радикалдармен күреседі. Ол негізінде күнбағыс тұқымында, жержаңғақта, тарыда, өсімдік майында, балық майында, жаңғақта, жұмыртқада және балықта өте көп.
Яндекс.Метрика