2024-09-20

ОҚО-ДА ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ӨНЕРЛІ ЖАННЫҢ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

tories/000kuw.jpg» border=»0″ />

Облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан республикалық ойындарының жеңімпазы, қоларба би түрінен Азия чемпионы Ермек Қалымбетовтің «Өмірім мен өнеріме ғашықпын» бенефис-шоуы өтті.

Кешті ақын, Халықаралық Физули сыйлығының иегері Құрал Көмек кеш иесіне деген лебізді сөзімен ашып, жастарға үлгі болатын, өнегелі іс-шараның куәсі болатынын айтты. Кеш барысында Е.Қалымбетовтің өмірі жайлы бейнеролик көрсетілді. Әуезді әнімен, биімен танылған талантты жас «Ассалаумағалейкум», «Бағдаршам», «Аллаға шүкір» әндерін тарту етті. Сондай-ақ жүрегі би өнеріне жақын екенін айтқан Ермек әріптесі Айжан Жакулаевамен бірге «Долго», «Жаном-жаном», «The show must go on» әндеріне халықты тамсандыра биледі.

Келешек ұрпаққа мүмкіндігі шектеулі болса да, өнердегі ұстанымы шексіз, алға қойған мақсаттары жоғары, болашаққа үміті зор Е.Қалымбетовтің кеші жастарға үлгі-өнеге болғаны сөзсіз. Бейжай жүрген жастардың ой-өрісін өзгертіп, дұрыс бағыт-бағдар береді деген ойдамыз. Ермектің өнерін қолдап жүрген ата-анасы ұлына деген лебізді сөздерін айтып, өнерде жүрген достары ән шырқап кештің сәнін келтірді.

tories/0001kuw.jpg» border=»0″ />

Кеш соңында Ермек жастарға: «Негізінен биші емеспін, биге деген қызығушылық спортпен айналысып жүргенімде оянды. Бос уақыттарыңызды зая кетірмей, дендеріңіздің, тәндеріңіздің сұлу болуына жұмыс жасаңыздар» – деп, «Қимай тұрмын» әнін орындап көрерменмен қоштасты

 

Яндекс.Метрика