ҚҰТТЫҚТАУ!

Құрметті  Бейсенкүл Жақсыбекқызы!

 Сізді және Өзіңіз басшылық жасап отырған «Қызмет» газетінің ұжымын 5 жылдық мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан бес жыл бұрын «Қызмет» атауымен құрылған республикалық қоғамдық  газет еліміздің ақпарат айдынына шығып, өз орнын тапты. Сөз бостандығы мен жариялықты ту етіп көтеріп, қоғамда күнделікті болып жатқан жағымды жаңалықтарды жеткізіп, «Өзгені сынағанша, өзіңді түзет!» деген бағытта жүйелі түрде жұмыс істеп, оқырмандарыңызға жақындай түстіңіздер.Газеттің 5 жылдық тарихында табандылық пен шынайылықтың және кәсіби шеберліктің де үлгілері болды. Газет аз уақыттың ішінде елімізде жүргізілген сот-құқық реформасын іске асыру мен сот жүйесін жетілдірудегі және облыс соттарының күрделі қызметін жұртшылыққа жеткізуге байланысты соттар мен халық арасында «алтын көпір» қызметін атқарып, лайықты үлесін қосуда.

Сот қызметінің ашықтығы мен қолжетімділігі халықтың сотқа деген сенімін нығайтатындықтан, облыс соттарында өткізілетін іс-шаралар көп жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылып келеді. Осы орайда «Қызмет» газетінің тілшілері де аудандық, қалалық, облыстық соттардың түрлі іс-шараларына қатысып қана қоймай, сонымен қатар сот жүйесінің күнделікті жұмысы туралы азаматтардың ақпарат алуына және олардың құқықтық тұрғыдан сауатты болуына едәуір еңбек сіңірді. Сондықтан, соттың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз етуде және оның абырой-беделін көтеруге өз үлесін қосып жүрген «Қызмет» газетінің ұжымына алғысымды білдіремін.  

Сіз басқарып отырған газет ұжымын 5 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен шаңырақтарыңызға шаттық және шығармашылық табыстар тілеймін! Әрқашанда жаңалықтың жаршысы бола беріңіздер!

         Егеменді еліміздің болашағы жолында атқарып отырған ортақ істеріміз баянды болғай! 

           Ізгі ниетпен, Оңтүстік Қазақстан обыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов

 


  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика