ҚҰТТЫҚТАУ!

ҚҰРМЕТТІ   Бейсенкүл Жақсыбекқызы  !

 Сізді және Сіз басшылық ететін «Қызмет» республикалық қоғамдық газетінің ұжымын  5 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!

 «Қызмет» газеті аз ғана уақыт аралығында ақпарат айдынында айрықша орны бар, бір өңірдің рухани айнасына, оқырмандарының сүйікті басылымына айналған. Басылымда Қазақстанның бүгінгі толағай жетістіктерін, алдағы мақсаттарға жетудегі игі бастамалары мен кездесіп отырған қиындықтарды жеңудің жолдарын шынайы түрде жазылып келеді. Облыстың денсаулық пен білім беру саласында, спорт пен мәдениетте қол жеткізген табыстарын оқырмандар газеттің бетінен оқуда.

Таралымы артып, буыны бекіп, көркемделуі көңілден шығып келе жатқан газеттің осындай деңгейге жетуі — ұжым­дық еңбек пен жүйелі жұмыстың, шығармашылық ізденістің жемісі деп есептеймін.

Елбасы тапсырмасын орындауда, еліміздің ішкі-сыртқы саясатын халыққа түсіндіруде, «Нұр Отан» партиясы бағдарламасы мен Халықтық Тұғырнамасын жүзеге асыруда ақпараттық тұрғыдан газет өз міндетін абыройлы атқарып келуде.

Қызмет газетінің ұжымына мерекелеріңіз мерейлі істер мен толымды тірліктерге ұлассын демекпін. Шығармашылықтың шыңынан көрініп, оқырмандарыңыз көбейе берсін! Қаламдарыңыз қарымды болсын!

      «Нұр Отан» Партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары                                                                     А.Мамытбеков

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика