Құрметті оқырман!

       Біздің сізбен сырласып,бір-бірімізге қолдау көрсете отырып ой бөлісіп, кеңесіп келе жатқанымызға бүгін тұп-тура 5 жыл болыпты. 5 жылда сіздің қолыңызға «Қызмет» қоғамдық газетінің 210 саны тиіпті.

       Газеттің алғашқы санында әріптестеріміз арасында «бағыт-бағдары айқын емес екен, көп болса үш айдан кейін жабылып қалады» деп болжам жасаушылар да болды. Оған себеп болған біз ақ жол тілеген, аузы дуалы азаматтардың лебізін бермедік , мақсатымыз мынау оқырманға мынаны айтамыз, мынандай мәселе көтеріміз, бағытымыз мынандай деп айтарымызды алдын ала жоспарлап алып оқырманға тықпаламадық.

       Біздің басты мақсатымыз, бүгінгінің оқырманы нені қалайды, соны білу болды. Таралымы санаулы жылда 60 мыңды еңсеріп, оқырманын «күштеусіз,мәжбүрлеусіз, қорқытып-үркітусіз» тапқан кейбір «мемлекеттік»деген айдары бар басылымдардың алдын ораған қазақша шығатын жекенің басылымын оқыдық, зерттедік,талдадық.

       Біз халықтың газет оқитынына көз жеткіздік, тақырыпты оқырманмен бірге таңдадық. Нарықтан орнымызды осылай таптық. Мыңдаған  оқырман бізбен келісті,оның дәлелі-  тұрақты жазылушыларымызға айналды.

       Біздің білгеніміз, оқырман өзінің таңдау құқына күшпен қол салғанды қаламайды екен!

       Біздің білгеніміз оқырманның айтары бар екен,ол ұсынылған тақырыпты оқудан жалыға бастаған,  олар сізге тақырып ұсына алады,олардың айтары бар!

       Біздің білгеніміз оқырман білуге ұмтылады, құқық жағынан сауатты болғысы келеді,өмірге, қоғамға деген көзқарасын өзгерткісі келеді!

       Біздің білгеніміз оқырманды ең бірінші денсаулығы, отбасының берекесі, баласының тәрбиесі алаңдатады.

       Біздің білгеніміз,әрбір оқырманның бақуатты тұрмыс кешкісі, келеді, өз кәсібін ашқысы келеді!

       Дені сау халық, өмірге жаңа көзқараспен қарайтын сауатты, білімді, өз құқын қорғай алатын азамат, берекелі отбасы, тәрбиелі ұрпақ, өз кәсібінің білгірі-бұл БАҚУАТТЫ,БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ!

      Біздің бүгінде мақсатымыз айқын. Оны бізге оқырмандарымыз нақтылап берді. Ол Қазақстанның әрбір азаматының сапалы өмір сүруіне үлес қосу. Ал, сапалы өмірдің сан саласы бар. Біз әлі де оқырманға арқа сүйейміз,оқырманның берері көп. Біз оған сенеміз! Біздің оқырмандарымыз бүгінде салыстырмалы түрде аз болуы мүмкін, бірақ олар тұрақты. Айтар көбейсін!

                                                    «Қызмет» газетінің ұжымы

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика