АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНА 25 ЖЫЛ

Өмір мен өлім келген қас қағым сәтте қырағылық көрсетіп, қара басын қатерге тігетін өрт сөндіруші және  құтқарушылардың әрбір күнін ажалмен бетпе-бет келу десек, еш қателеспейміз. Десе де, тілсіз жаумен арпалыс үстінде өзінің емес, өзгенің өмірін арашалауға ант еткендерін құтқару қызметкерлері қаһармандыққа емес, алдымен, азаматтық деп есептейді.

Өрт сөндіруші мамандығы – өте маңызды және қауіпті. Өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болу кемшілік етеді, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білу қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Ол үшін олар спортпен шұғылдануға үлкен назар аударады, жаттығу барысында өрт сөндіруде қолданылатын арнайы тәсілдер мен жаттығуларды шынықтырады. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Ал, құтқарушыларымыз болса  «112» нөміріне  шыр етіп түскен әрбір шақыруға асығып, жабылып қалған есіктің тұтқыны болғандар болса да, тауға кетіп, адасқандар болса да,  тіпті суға батқандарға да көмек қолын созатын жандар.

Қар басып, сел жүрсе, су тасыса, қабырға сөгіліп,  құласа да адам өмірін қандай қауіп төнседе  арашалауда алдына жан салмайтын бұл  мамандық иелерінің қызметін айтып жеткізу мүмкін емес. Барлығы да ел игілігі, халықтың қамы үшін.  Төтеннен төнген төтенше жағдай орын алмаған сәттің өзінде де адам өмірін құтқару үшін қажет сәтте сақадай сай болу мақсатында олар  тұрақты түрде физикалық тұрғыдан дайындықтарын арттырып, жаттығады. Сонымен қатар, теориялық және практикалық білімдерін жетілдіреді. Тынымсыз еңбек.

Осы өмір мен өлімнің арасында жүріп, ел үшін ерен еңбек сіңіріп жүрген азаматтар қызмет ететін азаматтық қорғау органына биыл 25 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің  қауіпсіздігі жолында   25 жыл бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан бұл сала мамандары құрметке лайық!

А. Бейсембаев

Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі

  • Related Posts

    Сапалы білім – саналы тәрбие және білім туризмін қалай дамытамыз? Шымкент қаласының саладағы жетістігі қандай?

    Шымкент – еліміздің іскерлік, экономикалық, мәдени өмірінің, инновациялардың орталығы болып табылатын және Қазақстан ғана емес, бүкіл Орталық Азияда маңызды орын алатын ең қарқынды дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласы өзінің…

    БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

    Қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиеваның кезекті бірыңғай азаматтарды қабылдау күні өтті.

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика