2024-09-22

«ҚЫЗМЕТ» ГАЗЕТІНЕН БАСПА АЛАҢЫН ҰСЫНУДЫҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

«Қызмет газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

БҰЙРЫҚ №8

«2» желтоқсан 2020 жыл                                              Шымкент қаласы

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізуге арналған «Қызмет» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы

Қазақстан Республикасындағы Конституциялық «Сайлау туралы»
Заңының талаптарын мүлтіксіз орындау мақсатында 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу шеңберінде «Қызмет» газетінде баспа алаңын ұсынуды орындау үшін

БҰЙЫРАМЫН:

1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Қызмет» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ереже бекітілсін (Қосымша 1).

2. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Қызмет» газетінде баспа алаңын ұсынудың төлемақы мөлшері бекітілсін (Қосымша 2).

3. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберіндегі сайлауалды үгіт-насихатты жүргізу үшін «Қызмет» газетінде баспа алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы Ережесі және осы бұйрықтың мазмұндамасы жариялансын.

«Қызмет газеті» ЖШС директоры:                         Б.Нарымбетова

«Қызмет газеті» ЖШС директорының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №8 бұйрығына №1 қосымша

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін «Қызмет» газетінен баспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

1. «Қызмет» газетінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тіркелген кандидаттарға баспа алаңын ұсынудың шарттары мен тәртібі туралы осы Ереже (бұдан ары қарай — Ереже) 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 5 тармағындағы нормаларға сәйкес дайындалған 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы №90/178 «Сайлауалды үгіт-насихатты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру және партиялық тізім арқылы сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттары сайлауын ақпаратпен қамтамасыз ету Ережелерін бекіту туралы» Қаулысын және 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде «Қызмет» газетінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау тәртібін реттейді.

2. Осы Ережені қолдану мақсатында формасы мен атауына қарамай сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге немесе 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге үгіттеу мақсатындағы кез келген материалдар сайлауалды үгіт-насихат материалдары ретінде танылады. Оның ішінде мына мазмұндағы:

1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақыру;

2) Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беруге шақыру;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидатқа байланысты тікелей немесе жанама басымдық беру, соның ішінде 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде сайлаушының (сайлаушылар тобының) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың қайсысына дауыс беруін көрсету;

4) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде сайлаушының (сайлаушылар тобының) Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидаттың қайсысына дауыс беруін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы мәслихаты депутаттығына кандидатқа байланысты тікелей немесе жанама басымдық береді;

5) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы қорытындыларының оң және/немесе кері салдарын және/немесе 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауы қорытындыларының сипаттамасы;

6) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттың сол кандидат туралы сайлаушылардың оң немесе кері пікірін туғызуға әсер ететін әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы мәлімет;

7) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттығына кандидаттың сол кандидат туралы сайлаушылардың оң немесе кері пікірін туғызуға әсер ететін әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы мәлімет;

8) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетін кезең ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауына және (немесе) 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына байланысты қоғамдық пікір сауалнамасының қорытындысы.

3. 2020 жылғы 10 желтоқсанда басталып, 2021 жылғы 8 қаңтарда (қоса алғанда) аяқталатын сайлауалды үгіт-насихат материалдарын «Қызмет» газетінде жариялау.

4. «Қызмет» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын конституциялық құрылымды күшпен өзгерту идеясы бар, республиканың тұтастығын бұзатын, мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік әкелетін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық іріткі салатын, қаталдық пен үстемдік оятатын, сондай-ақ заңда көзделмеген әскери құрылым құру мазмұнында болса, жариялаудан бас тартады.

5. «Қызмет» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалының құрамында сайлауға қатысушы саяси партияның және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттың ар-ожданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін мәліметтер (ақпараттар) болса, редакцияға ұсынылған құжаттарда мұны дәлелдейтін ақпараттар болмаған жағдайда жариялаудан бас тартады.

6. «Қызмет» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тартады, егер онда:

1) жарияланымда қаржыландыру көзі туралы ақпараты болмаса, ол Қазақстан Республикасы Конституциялық «Сайлау туралы» Заңымен тыйым салынған қаржыландыру көзіне сілтеме жасағанмен бірдей;

2) сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) орналастыру жөнінде өкілеттігін растайтын құжатпен рәсімделмеген тұлға ұсынған жағдайда;

3) саяси партияның және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттың өкілетті лауазымды тұлғасы, толық өкілетті өкілі немесе өкілетті өкілі (егер ұсынылған материал бір баспа беттен асатын болса) әр бетіне визалық қол қоймаған болса;

4) сайлауалды үгіт-насихат материалында суреті бейнеленген жеке тұлғаның осы сайлауалды үгіт-насихат материалда бейнесін пайдалануға жазбаша рұқсаты болмаса (ол өмірден өткен жағдайда – мұрагерлік құқығын алған мұрагердің жазбаша рұқсаты болмаса);

5) сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялау осы Ереже мен «Қызмет» қоғамдық-саяси газетінде баспа алаңын ұсыну туралы келісім шартта белгіленген мерзімде төленбесе;

7. сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялаудан бас тарту Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіпте шағымдануға жатуы мүмкін;

8) «Қызмет» газеті редакциясының лауазымды тұлғалары сайлауалды науқаны барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық «Сайлау туралы» заңының 29-бабында көзделген материалдардың жариялануынан тыс жағдайларда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттардың арыз-шағымына жауап бермейді.

9. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттардың ар-ожданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтіретін сайлауалды үгіт-насихат материалы «Қызмет» газетінде жарияланғаны сот арқылы танылған болса, осы көрсетілген тұлғаға дәл сол бетке, сондай көлемде, сондай әріп мөлшерімен, тегін түрде өзінің ар-ожданын, абыройын және іскерлік беделін қорғап, материал жариялау мүмкіндігі беріледі.

Ақталу туралы жарияланымға берілген өтінішке қоса жарияланған материалдың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттардың ар-ожданына, абыройына және іскерлік беделіне кір келтірді деп танылған сот шешімінің көшірмесі ұсынылуы қажет.

2. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын ұсыну және жариялау тәртібі

10. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттығына кандидаттардың және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат материалдарын «Қызмет» газетінде жариялауға негіз болып табылатындар:

1) «Қызмет» газетінің бас редакторының атына жазылған өтініштің қатысты тұлғаға сәйкес келуі. Қатысты тұлға (бұдан ары қарай – Тапсырыс беруші) ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттар (депутаттыққа кандидаттардың өкілі) және/немесе мәслихат депутаттығына кандидаттар (депутаттыққа кандидаттардың өкілі) танылады. Өтініш берген кезде саяси партияның өкілетті тұлғасы екендігін айқындайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынған адам, өтініш бергенде мәслихат депутаттығына кандидаттың куәлігінің түпнұсқасын ұсынған адам қатысты тұлға (бұдан ары қарай – Тапсырыс беруші) ретінде танылады.

2) «Қызмет» газеті мен Тапсырыс берушінің арасында жасасқан сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт;

3) ұсынылған сайлауалды үгіт-насихат материалдарының Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына жауап беруі;

4) сайлауалды үгіт-насихат материалын жариялау құнының 100 пайыз төленуі.

11. «Қызмет» газетінің редакциясы «Тапсырыс берушінің» өкілеттігін анықтайтын құжатының көшірмесін жасап, оның өтініші мен жариялануға қабылданған материалмен бірге тігіп қоюға құқылы.

12. Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын қабылдау күні осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген сайлау алды үгіт-насихат материалын жариялайтын іс-қимылдардың соңғысы іс жүзінде орындалған жұмыс күні болып табылады.

Сот ісінің мониторингі нәтижесінде сайлауалды үгіт-насихат материалы Қазақстан Республикасы «Сайлау туралы» заңының талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оны қайта ұсыну күні («Қызмет» газеті редакциясының материалды қабылдағаны туралы белгі қойғаны бойынша) оны қабылдаған күн болып табылады.

13. Тапсырыс беруші сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өтініште материалды жариялауды талап еткен күні («Қызмет» газетінің мерзімдік шығарылымында бекітілген күндерін есепке ала отырып) және материалдың баспа алаңының («Қызмет» газетінің жоғары, төменгі тұсына, бірінші, екінші және т.б., «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарын сайлауы» тақырыптық бөлімі бетіне) орналасатын орынын көрсетеді.

Материалдың жариялау күні сайлау алды үгіт-насихат материалы қабылданған күннен бастап 3 (үш) күннен ерте болмауы тиіс.

Талап етілген алаңның көлемі «Қызмет» газетінің бір шығарылымында бір стандартты газет бетінен аспауы тиіс.

14. Үміткерлердің бірнешеуі бірдей келген жағдайда (Тапсырыс берушілердің қатарынан сайлауалды үгіт-насихат материалын қабылдау бірдей күнтізбелік күнге түссе) орналасатын сайлауалды үгіт-насихат материалының (материалдарының) орнын белгілеу үшін осы үміткерлер арасында жеребе өткізіледі.

Жеребені өткізу күнін, уақыты мен орнын «Қызмет» газетінің редакциясы белгілейді. Мұндай жағдайда жеребе әлеуетті қатысушыларға хабарлама жолданған сәттен бастап, 24 сағат өткеннен ерте белгіленбеуі мүмкін.

Жеребені өткізу күні, уақыты мен орны Тапсырыс берушіге жазбаша түрде (факс бойынша, электронды поштамен, баспа алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген арнайы мекенжайы және/немесе реквизиттері бойынша) хабарланады.

Хабарламаға қатысты Тапсырыс берушінің жеребеге қатысуға келмей қалуы жеребені ауыстыруға себеп болып табылмайды.

Келген Тапсырыс берушілердің жеребеге қатысу кезегі Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» Конституциялық заңының 37-бабы
1-тармағымен белгіленген тәртіпке сай белгіленеді.

Жеребеге қатыспаған Тапсырыс берушінің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру ретін «Қызмет» газеті редакциясының өзі анықтайды.

Жеребе өткізу кезінде сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру кезегі (Тапсырыс берушінің саны бойынша 1,2,3 және т.т.) анықталады. Жеребе бойынша 1 нөмірді иеленген Тапсырыс берушінің сайлауалды үгіт-насихат материалы орналастыруға өтініш берілген орынға орналастырылады. Басқа жеребеге қатысушылардың сайлауалды үгіт-насихат материалдары басқа Тапсырыс берушілердің материалдарынан кейін жеребенің нәтижесінде (олардың өтініш берген материалды орналастыру орны жеребенің мәнін ашпайды, ал, жеребенің мәні болып табылатын орналастыру орнынан кейін тұрады) алған кезекті нөмірлеріне қарай орналастырылады.

Жеребенің сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру орнының нәтижесі дауласуға жатпайды.

15. Сайлауалды үгіт-насихат материалы бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде (қазақ және орыс тілінде) бір дана болып қабылданады. Тапсырыс берушінің қалауы бойынша сайлауалды үгіт-насихат материалы баспамен жазылған нұсқасымен бірге электронды түрде («Қызмет» газетінің редакциясымен келісілген тасу құралында) ұсынылуы мүмкін.

Сайлауалды үгіт-насихат материалының құрамында қаржыландыру көзі туралы мәлімет болуы және Тапсырыс беруші (егер ұсынылған материал бір баспа бетінен асатын болса) әр бетіне визалық қол қоюы тиіс.

Құрамында бейне сурет, салынған сурет және т.б. бар сайлауалды үгіт-насихат материалы тиісті нұсқада және («Қызмет» газетінің редакциясымен келісілген) жарияланған кезде қажетті сапаны қамтамасыз ететін тасымалдағышта ұсынылады.

16. Сайлауға байланысты қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері туралы материалдардың құрамында сауалнама жүргізген ұйым, сауалнамаға тапсырыс берген және оған төлеген тұлға, сауалнаманың жүргізілген уақыты, ақпаратты жинастыру әдісі, сұрақтардың нақты нұсқасы, сұралғандардың саны және сауалнама нәтижесіндегі айырмашылық коэффициенті көрсетіледі.

17. «Қызмет» газетінің кезекті шығарылымына сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялауға өтініш қабылдау газеттің сол шығарылымы баспаға тапсырылғанға дейінгі 3 (үш) жұмыс күні бұрын сағат 18.00-де аяқталады.

Осы Ережеде көзделген «Қызмет» газетінде жарияланатын сайлауалды үгіт-насихат материалы үшін жеребе және басқа да шараларды өткізу шығарылатын газетті баспаға тапсыратын күннің алдындағы жұмыс күні сағат 18.00-ге дейін аяқталуы тиіс.

18. «Қызмет» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалы ұсынылған күнге дейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сот мониторингін өткізуге құқылы.

Сот мониторингі нәтижесінде сайлауалды үгіт-насихат материалының Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда «Қызмет» газетінің редакциясы оны жариялауды тоқтатып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің нақты ережелеріне сілтеме жасай отырып, ол туралы Тапсырыс берушіге (факс бойынша, электронды поштамен, баспа алаңын ұсыну туралы келісімшартта көрсетілген арнайы мекенжайы және/немесе реквизиттері бойынша) сайлау заңдылығының анықталған бұрмалаулары көрсетілген хабарлама жөнелтілуі тиіс.

«Қызмет» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалының Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық заңы талаптарына сәйкессіздігі туралы хабарламасын алғаннан кейін Тапсырыс беруші анықталған бұрмалауларды жолға қоюға немесе сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) жариялау туралы өз өтінішін (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) кері қайтарып алуға (жазбаша түрде) құқылы.

19. Тапсырыс беруші өз бастамасы бойынша материалды жариялау күні бекітілгенге дейінгі 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялау туралы өз өтінішін алуға (жазбаша түрде) (толығымен немесе белгілі бір бөлігін) кері қайтарып алуға құқылы.

20. Материалды жариялау туралы өтініш қайтарып алынған жағдайда «Қызмет» газеті мен Тапсырыс берушінің арасындағы сайлауалды үгіт-насихат материалды (материалдарды) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт (жарияланымның қайтып алынған бөлігі) «Қызмет» газеті редакциясы тапсырыс берушінің хабарламасын алған сәттен бастап тоқтатылады. Мұндай жағдайда сайлауалды үгіт-насихат материалды (материалдарды) жариялау үшін баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт бойынша төленген ақшадан тұрақсыздығы үшін есебі шегеріліп, жарияланым бағасының 10 (он) пайызы көлемі Тапсырыс берушіге қайтарылады.

3. Қорытынды ережелер.

21. Осы Ереже «Қызмет» газетінде жарияланады және Тапсырыс берушіге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау туралы өтініш қабылдау және сайлауалды үгіт-насихат материалын (материалдарын) жариялауға баспа алаңын ұсыну туралы келісімшарт жасасқан кезде міндетті түрде танысуға ұсынылады.

«Қызмет газеті» ЖШС директорының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы №8 бұйрығына №2 қосымша

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы шеңберінде алдын ала үгіт-насихат жүргізу үшін «Қызмет» газетінен баспа алаңын ұсыну төлемінің мөлшері

1. «Қазақстан Республикасындағы Конституциялық «Сайлау туралы» Заңының 28-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттен бөлінген қаржы есебінен төленетін сайлау алды материалдарының 1 ш. см. – 200 теңге.

2. Саяси партиялардың сайлаушылары қорының қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды материалдарының 1 ш. см. – 250 теңге.

3. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың жеке сайлау қорының қаржысы есебінен жарияланатын сайлауалды материалдарының
1 ш. см. – 250 теңге.

4. «Қызмет» газетіне имидждік материалдар, мақалалар мен ақпараттар үшін — 25 мың теңге.

5. «Қызмет» газетінің http://kyzmet-gazeti.kz/ сайтына жарияланатын жарияланымдар — 20 мың теңге.

Возможно, вы пропустили

Яндекс.Метрика